Сенбі, 18 Мамыр 2024
2934 6 пікір 9 Қаңтар, 2020 сағат 12:12

Ердоған мен Путин "Түрік ағымын" іске қосып, Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей лидері Владимир Путин Стамбұлда "Түрік ағымы" газ құбырының ашылуына қатысты.

"Түрік ағымы" — газды Украина арқылы тасымалды қысқартуға бағытталған Мәскеу жобасы. Оның құрылысы 2017 жылдың мамыр айында басталып, 8 млрд доллар жұмсалған.

Бұл құбыр арқылы Ресейден Түркияның батысына жылына 31,5 млрд куб метр газ тасымалданбақ. Оның жартысы Балкан және Шығыс Еуропа елдеріне бағытталады.

Газ құбырын іске қосу шарасына Сербия президенті мен Болгария премьер-министрі де қатысты.

Оның алдында Путин мен Ердоған жабық форматта кездесу өткізді.

Кремльдің баспасөз қызметі кездесуде Ливия мен Сириядағы жағдай, сонымен бірге Түркия мен Ресей арасындағы экономикалық қарым-қатынастар талқыланғанын хабарлады. Бұдан бөлек екі ел басшысы АҚШ пен Иран ортасындағы жанжал бойынша да пікір алмасқан.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2134
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2541
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2299
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1646