Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
46 - сөз 2926 1 пікір 9 Қаңтар, 2020 сағат 11:26

Абайды насихаттап қажеті жоқ, оны түсіну қажет

Абайдың үш шекті домбырасы. Осынау ерекше домбыраны Ұлы атамыз Абай, оның досы, әншісі Әлмағамбет, халық жыршысы Шәкір Әбенов қолданып, өмір күйін шерткен. Бүгінде, ешкім бұл домбырамен ән салып, күй сандығын шертпейді.

Бір қызығы, жалпы еліміздің Шығысына да үш шекті домбыра тән емес тәрізді. Абай, оның ізбасарлары ғана қолданған феномен, ерекше мәдени-өнер бағыты. Абайдың ең негізгі қазынасы, оның ерекшелігінде. Бұл терең философиялық- рухани бағыт. Ол қазақ бола тұра, дүниетанымы қазақи, тұла бойы өзіміз болса да, қазақтан ерекше. Дара тұлға. Абай жылы Ұлы бабамыздың рухани қазынасын түгендеп, оған басқаша, бүгінгі күннің көзқарасымен баға бере отырып, Абайдың философиялық, ұлтты модернизациялау бағытындағы ерекше көзқарастарын дәріптеу жылы болса келер ұрпаққа пайдасы зор болар еді.

Той-домалақ пен творчестволық кештер күнде өтіп жатыр ғой. (Олардың да маңызы өте зор). Абайды Сократ, Декард, Гегель, Фейербах, Ницше тәрізді әлемде танылған ойшылдардың қатарында батыс мәдениетіне мойындата алсақ, алар асқар тауымыз сол болмақ.

"Ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды" демекші, Абайды насихаттап қажеті жоқ. Абайды ұғынып, түсіну қажет. Біз сол ұғынып, түсіну деңгейіне жетіп, соны батысқа дәріптесек. Менің ойымша, негізгі миссия осында...

Домбыраның фотосы Семей қаласындағы Абайдың әдеби- мемориалдық мұражайынан алынды. Сонымен қатар, Абайды тану мәселесі бойынша, осы мұражайға бүкіл халықтық маршрут жасасақ өте жақсы болар еді.

Мұражай 1940 жылы Мұхтар Әуезовтың ұсынысы бойынша ашылған. Өте қызықты және тағылымды орын...

Ерлан Саировтың әлеуметтік желідегі жазбасынан
Abai.kz
1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1550
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1426
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1177
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1172