Сейсенбі, 7 Мамыр 2024
46 - сөз 2817 2 пікір 7 Қаңтар, 2020 сағат 12:40

Егіншілік жер - ең өзекті мәселе

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде ауыл шаруашылығы жерін пайдалану тиімділігін арттыруға байланысты берген тапсырмаларын солтүстікқазақстандықтар қуана қолдап отыр.

Кеше "Nur Otan" партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалында біз өткізген қоғамдық қабылдауға келген жергілікті тұрғындар көтерген ең өзекті мәселе осы болды. Олар көптеген шаруашылықтардың басшылары өздеріне тиесілі жер үлестерін сеніп тапсырған ауылдықтарға мардымсыз ақы төлейтіндігін, ауылдардың әлеуметтік проблемаларын шешуге көмектеспейтіндігін айтып шағымданды. Ондай басшылар жер үлестерін қайтаруды сұраған адамдардың өтініштерін құлаққа ілмейтін болып шықты.

Бізбен кездескен облыс әкімі Құмар Ақсақалов та мыңдаған гектар егіншілік жерді иемденіп алып, жұртқа қарайласпайтын, тіпті өздерін "бай" санайтын басшысымақтар барлығын айтты. Оларды жөнге салудың жолы - қолданыстағы заңнаманы жетілдіру деп, өз ұсыныстарын ортаға салды.

Біз бұл мәселені алдағы заңшығарушылық жұмысымызда жан-жақты қарастырамыз.

Кәрібай Мұсырманның әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1599
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1503
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1250
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1220