Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2261 0 пікір 5 Қыркүйек, 2011 сағат 14:26

Абай мен Шахтинсінің 50 жылдығында екі қаланы абаттандыруға Т300 млн бюджет қаржысы бағытталады

Қарағанды. 5 қырқүйек. ҚазТАГ - Қарағанды облысының Абай мен Шахтинск қалаларының 50 жылдығында кеншілердің екі шаһарын абаттандыруға Т300 млн бөлінеді.

«Кеншілердің екі қаласы өткен ғасырдың 90-шы жылдары көп қиындық көрді. Бүгінгі күні бұл қалаларға қайта жан біткендей. Абай мен Шахтинск тұрғындары аймақтың дамуына лайықты үлес қосып келеді. 50 жылдық мерейтойларын атап өтетін жылы Абай мен Шахтинск көріктене түсті, абаттандыру жұмыстары көп жүргізілді», - деп мәлім етті Қарағанды облысынң әкімі Серік Ахметов өткен жексенбі күні қалалардың 50 жылдық мерейтойына орай салтанатты шараларда.

Абайда мерейтой жылы Тәуелсіздік аллеясы пайда болды. Шахтинскіде қаланың 50 жылдығында халықтың ұлы ағартушысы Абай Құнанбаевтың ескерткіші ашылды.

«Қаланы абаттандырып, көгалдандыруға бюджеттен Т150 млн бөлінді. Бұдан басқа, облыс әкімімен қол қойылған меморандумға сәйкес, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы Т64 млн соманың әлеуметтік шараларын қаржыландырады. 2 алаң қайта жөнделіп, үйлердің қасбеттері мен жолдар жөнделді. Тәуелсіздік аллеясы мен Абай кқшесіндегі аллея салынды», - деп хабарлады Абай әкімі Сәбит Оспанов.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін қалада жалға берілетін баспана ретінде салынып жатқан 8 жаңа тұрғын үй пайдалануға беріледі.

Шахтинск басшылығының мәліметтеріне сәйкес, қаланы абаттандырып, көгалдандыруға бюджеттен Т146 млн-нан аса қаржы бөлінген. «Бұл қаржыға вокзал маңындағы алаң, Жеңіске 40 жыл көшесі қайта жөнделіп жатыр. 840 ш. м. астам гүлзар мен 6 мың ағаш пен бұта отырғызылды», - деді Шахтинск әкімі Ерсайын Нағаспаев.

Оның нақтылауынша, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының қаржысы есебінен Шахтинскіде 2012 жылы жабық спорт кешенін салу жоспарланған. «Мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үйлер салынып жатыр. Желтоқсан айында 100-ден аса тұрғын жаңа пәтерлерге қоныстанады», - деп сендірді қала әкімі.

Абай мен Шахтинск тұрғындары қалалардың мерейтойларын халықтық серуенмен атап өтті. Абайда бірінші құрылысшылар мен ардагерлерге мерейтойлық медальдар тапсырылды, «Абай қаласы. Мы в городе славном живем»кітабының тұсаукесері өтті. Екі қалада да бәйге ұйымдастырылып, жарыста аты бірінші келгендерге темір тұлпардан сыйланды. Қазақстандық, ресейлік және белоруссиялық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерттер өтті. Мереке отшашумен аяқталды.

«Мерекелік шараларды ұйымдастыруға 16 млн теңге жұмсалды. Оның 7 млн теңгесі - бюджет қаржысы, қалғанын демеушілер берді», - деп мәлім етті Шахтинск әкімінің орынбасары Нұрлан Рыстин.

1961 жылдың тамызында Шұрыбай-Нұра елді мекені Абай қаласы болып қайта құрылды. Осы жылы Абайда М. Калининат.шахта іске қосылды. Қазір қалада 25 мыңнан аса халық тұрып жатыр.

Ал Тентек қала типіндегі елді мекенінің атауы 1961 жылы Шахтинск деп өзгертілді. Қаланың пайда болуы сапалы Тентек атты коксталатын көмір кен орнын игерумен байланысты. Қазір Шахтинскіде және оған жақын орналасқан 3 кентте 56 мың халық тұрады.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2104
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2517
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2210
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1625