Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 6157 0 пікір 5 Қыркүйек, 2011 сағат 04:21

«Ит үреді, керуен көшеді»

Таяуда http://www.russianskz.info сайты «Қазақстандағы ресейлік отандастарға! Орыстар, ояныңдар!» деп ұран көтерген ресейлік әлеуметтанушы Максим Акимовтің мақаласын жариялады. Онда мынадай сорақы ойлар айтылған:
«Бұл далада әртүрлі көшпелі халық үлкен территорияда кө­шіп-­қонып жүрді. Оларда қазіргідей мемлекет болмаған, тіпті шекараның не екенін де білмеді.
...Ресейге қосылғанға дейін бұл далада мемлекет деп айтуға болатын немесе қазіргі мемлекеттілікке ұқсас дүние болды деу - барып тұрған өтірік.
...Қазақстан территориясында тек қазақ жүздері ғана емес, ұйғырлар мен қалмақтар да көшіп-қонып жүрді. Ендеше, қазақтар неге ұйғыр немесе қалмақ тілін үйретпейді?»

Таяуда http://www.russianskz.info сайты «Қазақстандағы ресейлік отандастарға! Орыстар, ояныңдар!» деп ұран көтерген ресейлік әлеуметтанушы Максим Акимовтің мақаласын жариялады. Онда мынадай сорақы ойлар айтылған:
«Бұл далада әртүрлі көшпелі халық үлкен территорияда кө­шіп-­қонып жүрді. Оларда қазіргідей мемлекет болмаған, тіпті шекараның не екенін де білмеді.
...Ресейге қосылғанға дейін бұл далада мемлекет деп айтуға болатын немесе қазіргі мемлекеттілікке ұқсас дүние болды деу - барып тұрған өтірік.
...Қазақстан территориясында тек қазақ жүздері ғана емес, ұйғырлар мен қалмақтар да көшіп-қонып жүрді. Ендеше, қазақтар неге ұйғыр немесе қалмақ тілін үйретпейді?»

Дос Көшім, республикалық «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы

Бұл мәселеге қатысты мынаны айтқым келеді: Ғасырларға созылған бодандық пен кеңестік идеологияның әсері 20 жылдың ішінде жоғалып кетеді деу қателік болады. Мойындауымыз керек, көптеген орыстілді азаматтар мен этникалық топтардың өкілдерінің (әсіресе кеңес өкіметі кезінде еркін өмір сүргендер жандардың) ми қыртыстарында бұрынғы заманның «жақсылықтары» толықтай сақталып қалған. Біз қазір мүлдем жаңа қоғамы қалыптастыруға бет бұрдық. Жоспарлы экономикадан - нарықтық экономикаға, социализмнен - капитализмге, орыс ұлтының негізінде құрылған одақтық жүйеден - ұлттық мемлекетке айнала бастадық. Бұл жағдайды, осы өзгерістерді мойындағысы келмейтін жандар да, саяси күштер де жеткілікті.
Адам еркіндігі мен құқығына жүгінсек, бұлардың өз пікірлерін айтуларына, жазуларына, керек десеңіз ұрандап көшеге шығуларына да толық құқықтары бар.  Әрине, олардың айтқан сөздері менің көңіліме жақпайды, кейде олардың сол сөздері үшін... мұрындарын да бұзғың келеді. Алайда одан пайда жоқ. Өз басым, осындай пікірлерді («қазақ адам емес», «оларды біздер мәдениетке жеткіздік», «қазақ тілі мемлекеттік тіл бола алмайды», т.т.) 22 жыл бойы естіп келемін. Алғашқы кезеңде олармен пікірталастырып та көрдік. Біріміз бірімізді сендіруге күш салдық. Біріккен Ұлттар Ұйымының құжаттарынан бастап, академик Сахаровтың айтқан сөздеріне дейін дәлелдер келтірдік. Қазір қарап отырсам, бұлардың барлығы еш кеткен еңбек екен. Орыс шовинистері бұлардың барлығын (біздің уәждеріміздің дұрыс екендігін) жақсы біледі. Бірақ принципті түрде мойындаудан бас тартады. Демек, бұл пікірлерге көңіл аударудың қажеті жоқ. Менің ең жақсы көретін мақалым - «ит үреді, керуен көшеді» деген халық даналығы. Қойшы ауылдың жанынан өткенде сенде өші бардай екі-үш ит шабаланып соңыңнан қалмай қояды ғой, бұл да соның кебі. Біздің оларға сындарлы жауап беруіміз - олардың сөздерінде тарыдай болса да, шындық бар деп мойындаған болып табылады. Ресей теледидарында Андрей Малахов жүргізетін «Айта берсін» деген хабар бар. Бұған да солай қарауымыз керек.
Біз өзіміздің тәуелсіздігімізді не үшін жеңіп алдық? Басқалардың айтқандарына, байбалам салғандарына қарамай Қазақ ұлтының өзіндік көкейкесті мәселелерін шешу үшін, өзіміздің халықтың ішкі өміріне қажетті  заңдарды өзіміз шығару үшін ғана мемлекет құрдық емес пе! Ресейдегі біреу бірдеме депті деп бір дүрлігеміз, Африкадағы бір тайпаның бір көсемі «Қазақстанның жері әлімсақтан бері біздікі болған» деп қойып қалса, бүкіл қазақ ұйымдары, барлық қазақ газеттері тік көтерілеміз. Меніңше, біздер бұндай түкке тұрмайтын таластан аулақ болғанымыз дұрыс.
Бұл жерде айта кететін екі мәселе бар деп ойлаймын. Біріншіден, егер осындай шіріген сөздер Ресейдің (не басқа мемлекеттің) ресми орындарынан (іріген ауыздарынан) шықса, сөз жоқ, біздің Сыртқы істер министрлігі «байқап сөйле!», «тәйт!» не «мен саған көрсетемін!» деген сияқты дипломатиялық сес көрсетіп, немесе Қазақ елінің елшілігін шақыртып алар еді. Ал мыңдаған не миллиондаған шовинистердің аузына олар қақпақ бола алмайды.  Демек, иттердің үргеніне бола, көшті тоқтатуға болмайды. Бұл - олар айта берсін, ал біз өзіміздің ұлттық мемлекеттілігімізді нығайта берейік деген сөзім. Екіншіден, кейде мен «осындай, қазақтың намысына тиетін сөздер көбірек айтылса екен» деп те тілеймін. Меніңше, ақша берсек те, алты айда сайын Жириновскийді теледидарға шығарып бір сөйлетіп тұрсақ, немесе «Лад», казактар сияқты ұйымдардың идеологтарының пікірлерін тікелей жариялап отырсақ, жоғалып бара жатқан ұлттық рухымыз сонда ғана жаңғыртатын сияқтымыз.
Ал қазақ тілін қорғаймын деп жұмыстан шығып қалған радиожурналист Маржан Сұлтанбаеваның мәселесіне келсек, оның жасаған қадамы - қарапайым азаматтық ұстаным. Соның салдарынан «Русское радио» өте тамаша жүргізушіден айырылып қалды. Ал азаматтығы бар билік орындарындағы адамдардың міндеті - осы қызға өзінің таланты мен талабына сай жұмыс тауып беру деп білемін. Біздер бір-бірімізді тек осылай ғана қорғай аламыз. Сонда бізді жау алмайды. Ал егер Маржан жұмыссыз қалса, ана тілі үшін күрескен тағы бір адамның сағы сынады да, одан үлгі алушылардың саны азаяды.

http://jasqazaq.kz/post/%C2%ABit-%D2%AFred%D1%96-keruen-k%D3%A9shed%D1%96%C2%BB

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 361
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 187
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 196
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 199