Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
2883 16 пікір 30 Желтоқсан, 2019 сағат 10:14

Қырғыз ІІМ: 2019 жылы экстремизм күдігімен 316 адам ұсталды

Қырғызстан ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2019 жылы діни-экстремистік және халықаралық террористік ұйымдардың идеологиясын таратуға қатысты 516 жағдай тіркелді.

Ішкі істер министрлігінің Заңсыз миграция және экстремизммен күрес қызметі басшысның орынбасары Айбек Жайлообаевтың мәлімдеуінше, экстремизм күдігімен 316 адам ұсталды. Олардан экстремистік сипаттағы 2 мың 104 материал тәркіленді.

Әлеуметтік желілердегі мониторинг нәтижесінде экстремистік және террористік сипаттағы 80 сайт пен 22 аккаунт анықталып, сот шешімімен 44 сайт пен 10 аккаунт бұғатталды.

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 58
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 24