Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3887 0 пікір 5 Қыркүйек, 2011 сағат 04:14

Елінің еңлікгүлі еді...

Қазақ көрермендеріне «Менің атым Қожа» фильміндегі Қожаның анасы Милат, «Тақиялы періштедегі» комендант Жамал, «Ұлдың ора­луын­дағы» Рәбиға, «Тоғыс­қан тағдырлар» телесериалындағы Нұрбибі әже сияқты басқа да көпте­ген рөлімен таныс Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері Бикен Римованың қызметі, негізінен, ұлттық сахна өнерінің қара шаңы­рағы - М.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрымен бай­ла­нысты болды. Өмірінің соңына дейін сахна төрінен түс­пе­ген айтулы өнер ше­­бе­рі актрисалықпен ғана шектеліп қалмай, «Ең­лікгүлім», «Өнердегі өнегелі өмірлер» атты кітап­тар жазып, драматургия сала­сы­на да қалам тартты. Ол жаз­ған «Абай-Әйгерім», «Қос мұңлық» пьесалары елі­­міздің көрнекті театрлары репер­туарынан берік орын алды.

Қазақ көрермендеріне «Менің атым Қожа» фильміндегі Қожаның анасы Милат, «Тақиялы періштедегі» комендант Жамал, «Ұлдың ора­луын­дағы» Рәбиға, «Тоғыс­қан тағдырлар» телесериалындағы Нұрбибі әже сияқты басқа да көпте­ген рөлімен таныс Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерінің иегері Бикен Римованың қызметі, негізінен, ұлттық сахна өнерінің қара шаңы­рағы - М.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрымен бай­ла­нысты болды. Өмірінің соңына дейін сахна төрінен түс­пе­ген айтулы өнер ше­­бе­рі актрисалықпен ғана шектеліп қалмай, «Ең­лікгүлім», «Өнердегі өнегелі өмірлер» атты кітап­тар жазып, драматургия сала­сы­на да қалам тартты. Ол жаз­ған «Абай-Әйгерім», «Қос мұңлық» пьесалары елі­­міздің көрнекті театрлары репер­туарынан берік орын алды.

...Өзіне ғана тән майда қоңыр үні, жер қоз­ғалса да қозғала қоймайтын сабырлы да салмақты мінезі Бикен апайды өз­ге­лер­ден әрдайым даралап тұратын. Жастайынан қиындықты көп көрген актрисаның өмірге көз­қарасы, адамдармен, айналасымен қа­рым-қатынасы бөлекше-тұғын. Жеті жа­сында әкесі қайтыс болып, араға он жыл салып ана­сынан айырылған жасөспірім қыз­ды өмір ерте есейтеді. Алғашқы рөлі Ең­ліктен бас­тап ол қазақ театрының та­ри­хында қал­ған көптеген жарқын бей­нені сомдайды. Шах­мет Хұсайыновтай дра­матург жазу­шы­ға адал жар болып, өнегелі ұрпақ өр­бі­теді. Өмірлік серігімен табысқан бір сәтін суреттей отырып, актриса ол жайлы өз ес­те­лігінде: «...Сол күні мен Ша­қаң­ның сұ­рауы­мен Еңліктің қош­тасу әнін айттым. Ата-анамды сағынып айттым. Тағ­дырымды бір өзіне тап­сыр­ға­ным­ды айт­тым. Ор­ным­нан тұрып, кетуге ың­ғайлана бергенімде маң­дайымнан сипап, көзіме тура қарап тұрып: «Бикенжан, сен кетпе, қал біз­ді­кінде!», - деді. Және бойжеткенге ай­ты­ла­тын сөздердей емес, соншалықты бір мейір­бандылықпен, таза сеніммен айтты. Бикенжан деп мені тек қана анам айтушы еді. Әке-шешем өлгелі бір адам менің маң­дайымнан сипап, Би­кен­жан деп көрмеген-ді. Жылап жатып, Ша­қаңның үйіндегі ка­би­­нетінде ұйықтап қалған екем. Таң ата ояна кетсем, Шақаң қарсы ал­дым­да, крес­ло­­да маған қарап отыр. «Таң ат­қан­ша отыр­­­дың ба?» дедім. «Иә, таң ат­қан­ша отыр­­дым!» деді күлімдеп. «Неге?» деппін ұял­ғанымнан. «Күнтай, мен сенің ұйқыңды күзетіп отырдым ғой», - деді. Сол сәттегі «Күнтай» деген жылы сөзінен, жүзіндегі күн­дей күлімдеп тұрған мейір­бандылықтан айналып қана кетсем болмас па?! Міне, сол күннен бастап, Шақаң екеуміз өмір жо­лын да, өнер жолын да бір кештік...» - деп жазғаны бар. Ал актри­са­ның ұлы, тілші-ға­лым Көбей Құсайынов анасының адами ар­тықшылықтарын тілге тиек ете отырып: «Қиындықты көп көр­ге­нінен болар, ба­ланы көп еркелете бер­мей­тін. Перзенттеріне де­ген терең махаббаты жүрегінің төрінде сақ­таулы екенін мейірімді жанарынан-ақ се­зетінбіз», - дейді. Ол кісі­нің үй шаруасын, жол­дасы мен бала-ша­ғасының күтімін, өзі­нің театр мен кинодағы жұ­мысын бір-бі­рі­мен шебер үйлестіріп, бәріне үлгеретін қа­сиеті маңайын­да­ғыларды еріксіз тәнті ететін. Бикен апайдың іс­мер­лігі де керемет болатын. Қол қусырып отырғанды ұнат­пай­тын ол өзіне көйлек тігіп, болмаса ба­ла­ларына киім тоқып, әп-сәт­те үлкен шаруа бітіріп тастайтын. Дом­быра тартып, ән де ай­татын, отырыстарда әріп­тестеріне па­ро­дия жасап, маңайын күл­кіге көміп тас­тай­тын да кездері бар-тын.

49 жасында жесір қалған анасының «Қиын­шылық кездессе, мұңайма, бәрін шы­дамдылықпен көтер. Бірінші - ден­сау­лық, екінші - еңбектің арқасында бәрін же­­ңіп шығасың» деген ақылы Көбей Шах­мет­ұлының жадында мәңгіге қалып қойды. «1975 жылы інім Хасан қайтыс болды. Бұл жайт та анама ауыр тиді. Бірақ анам осы­ның бәрін қажырлы еңбегі арқылы жеңді», - дейді ол.

Өмірден өтер-өткенше сахнадан қол үз­беген актриса ең соңғы ойнағаны - «Ес­тайдың Қорланындағы» Қорлан рөлі. Ол кісінің әрі досы, әрі әріптесі Хабиба Еле­бе­ко­ва сол спектакль қойылатын кезде: «Тү­ні­мен ауырып ұйықтай алмадым. Театрға ха­барласайын, менің орныма екінші ке­зек­те­гі басқа актер ойнасын», - депті. Бірақ ту­мысынан жігерлі, өжет мінезді Бикен апай: «Мұның жарамайды, жүр, театрға ба­райық. Менің де аяғым ауырады, ентігіп қа­ламын. Бірақ шыдайық. Екеуміз жақ­сы­лап ойнайық, өлсек, сахнада өлейік. Әр­тіс­ке сол - нағыз өлім», - деп құрбысын сах­наға шығуға көндірген екен.

Бикен Римова Болат Атабаевтың көп­те­ген спектаклінде басты рөлдерді ойнады, «Абай десем...» пьесасын режиссермен бі­рігіп жазып шықты. Осындай жұмыстар барысында да, былайғы өмірде де тығыз ара­ласқан Болат Атабаев ол кісі туралы: «Сахнадағы жүріс-тұрысынан, киім киі­сі­нен, сөз саптауынан, дауыс ырғағынан, қи­мыл-әрекеттерінен қазақылығы ерекше кө­рініп тұратын», - дейді. Сондай-ақ: «Кей адам­дармен о дүниеде де кездескің келеді. Бикен апай - мен үшін сондай адам. Са­ғы­намын. Түсімде көремін...» - деген шы­найы сезімін де жасырмайды...

 

 

Әріптестер айтқан сыр

Хабиба ЕЛЕБЕКОВА, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі:

«Ол менің «Би-ағам», Бикешім еді»

...Екеуміз сондай дос, сырлас едік. Ол бой­жетіп, еңбек істейтін халге жеткенше қан­шама өткелден өтті. Жалғыз анасы осы Ал­маты емханасында қайтыс болғанда «өзім жудым, өзім апарып жер­ледім» деп жы­лағаны қабырғамды қайыс­тырған. Мұндай қасіретті кез келген өткере бер­мей­ді. Екеуміз ел аралап жүргенде ылғи бірге боламыз. Түскен жеріміз таза бол­ма­са, мен кішкене жиір­кеншектеу мінезіммен жан-жағыма қарап, «ойпырмай» деп рен­жіп қалсам, ол үн-түн жоқ шығып кететін де, тазалайтын адамды тауып алып, жу­ғы­зып: «Хаба, үйіңіз таза, кіріңіз», - деп күліп тұ­ратын. Ол менің «Би-ағам», Бикешім еді.

Қасым ЖӘКІБАЕВ, Қазақстанның Халық әртісі:

«Басқа болса, шыққан шығынға ренжір еді...»

...Шақаңның бірде маған айтқаны бар. Жазу­шы­лар Индонезияға барып келгенде ол апайға: «Бикен, балаларға бірдеңелер алып келдім, бірақ біраз ақша кетті. Сон­дықтан саған ештеңе ала алмадым, рен­жі­ме», - депті.

- Не болды сонша? Шүкір, балаларға ал­саң же­теді де.

- Осылай дейтініңді біл­ген­мін... Ин­до­не­зияда алтын ванна бар екен, қымбат бол­са да, бар­ған­дардың ішінен жалғыз өзім соған түстім. Өйткені енді қайтып келе ал­маспын деген едім.

- Шынымен, сенен басқа ешкім түскен жоқ па?

- Түскен жоқ.

Сонда Бикен апай:

- Әй, жігітсің ғой! Әйтпесе мен саған жолдас боламын ба? - деген екен.

Міне, кеңдік! Басқа болса, шыққан шығынға ренжір еді-ау!

(Естеліктер «Бикен Римова» атты кітаптан ықшамдалып алынды)

 

Автор: Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

http://alashainasy.kz/culture/27044/

0 пікір

Үздік материалдар