Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3355 0 пікір 5 Қыркүйек, 2011 сағат 02:10

Бауыржан Берікұлы. Ғашықтық ғазалдар

***

Тәңіріме мың жалынсам -
Тағдырым бол!
Қиындарын татайын.

Жарығым деп кіл сағынсам
Жан  гүлім ол.
Сый ғып бәрін тартайын.

Сені ғана ізгі әнімнің
Арнасы деп,
Белгісі деп білейін.

Өмір нала ызғарының
Дауасы көп:
Мен түсіңе кірейін...

***

...Гүл ұсынған сәт қандай,
нұр толқыды көзіңде.
Көңілде таң атқандай,
бөлендім бір сезімге...

Жаным нұрға кенелді,
елжіреттің ғой мені...
Үндемегін сен енді
бәрін көзің сөйледі...

Мен өзіңді сәт сайын,
сағат сайын аңсадым.
Қабағымды ашпай мұң,
сені іздедім қанша күн?!

«Күн кешермін амалдап,
өзіңсіз...» деп жүрген ем.
Бұйырыпты маған  бақ,
шүкір деймін күнде мен.

***

Түнекте түнеріп,
Жүректен мұң өріп 
Жүргенде жолықтың,
Дір еткен бір елік!

Көзің  нұр, шыдатпас,
Сезім бұл  кінә артпас...
Көрген жан қалайша
Өзіңді ұнатпас?!

Үміттің ақ таңы
Күліп бір атқаны.
Сен ғана  сәулешім,
Сүйіктім, әппағым!

 

 

ҚАРЫНБАЙҒА

***

Тәңіріме мың жалынсам -
Тағдырым бол!
Қиындарын татайын.

Жарығым деп кіл сағынсам
Жан  гүлім ол.
Сый ғып бәрін тартайын.

Сені ғана ізгі әнімнің
Арнасы деп,
Белгісі деп білейін.

Өмір нала ызғарының
Дауасы көп:
Мен түсіңе кірейін...

***

...Гүл ұсынған сәт қандай,
нұр толқыды көзіңде.
Көңілде таң атқандай,
бөлендім бір сезімге...

Жаным нұрға кенелді,
елжіреттің ғой мені...
Үндемегін сен енді
бәрін көзің сөйледі...

Мен өзіңді сәт сайын,
сағат сайын аңсадым.
Қабағымды ашпай мұң,
сені іздедім қанша күн?!

«Күн кешермін амалдап,
өзіңсіз...» деп жүрген ем.
Бұйырыпты маған  бақ,
шүкір деймін күнде мен.

***

Түнекте түнеріп,
Жүректен мұң өріп 
Жүргенде жолықтың,
Дір еткен бір елік!

Көзің  нұр, шыдатпас,
Сезім бұл  кінә артпас...
Көрген жан қалайша
Өзіңді ұнатпас?!

Үміттің ақ таңы
Күліп бір атқаны.
Сен ғана  сәулешім,
Сүйіктім, әппағым!

 

 

ҚАРЫНБАЙҒА

Мейлі бүгін еліңді мін ат қылып,
Жүре бер өз жайыңды «жұмақ» қылып.
Өтемін деп ойлама өмір бақи
бірақ күліп.

Өмір бойы жиғаның бір-ақ күндік,
Айтқанымды ұғып ал құлақ түріп.
Сен кешірім сұрайсың түбі жұрттан
жылап тұрып.

 

 

ГІЛІ-ГІЛІНІҢ
ГӨЙ-ГӨЙІ

«Сорлы қазақ,
болдың азат!
Тіршілігің
енді ғажап!!!» -
деп едім...

«Сен күл, шаттан,
келді ақ таң!» -
деп сол кезде
бөркін атқан
мен едім...

Мың құбылды,
жынды қылды.
Жүйкемді де
ілді-жұлды
қу үміт...

Жетті түнек,
өтті жүдеп.
Бәрінен де
кетті жүрек
суынып...

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1377
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1207
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 954
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1048