Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
3885 4 пікір 26 Желтоқсан, 2019 сағат 12:49

Арман Қырықбай «Nur Otan» партиясының Хатшысы болып тағайындалды.

Арман Қырықбай «Nur Otan» партиясының Хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек твиттердегі парақшасынада жазды.

-Партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың келісімімен Арман Қырықбаев «Nur Otan»-ның Хатшысы болып тағайындалды. Оның партиядағы, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы мол жұмыс тәжірибесі алдағы міндеттерді табысты іске асыруына мүмкіндік беретініне сенімдімін,- делінген жазбада.

Айта кетейік, Арман Қырықбай осы уақытқа дейін Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, Мәдениет комитетінің төрағасы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі, "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Қазақфильм" АҚ, "Nur Media" ЖШС-нің директорлар кеңесінің төрағасы, 2015-2019 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары сынды бірқатар қызметтер атқарған.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар