Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 5014 0 пікір 2 Қыркүйек, 2011 сағат 11:11

jaqsy.kz - жаңалықтың жаршысы

Бірінші қыркүйек - жаңа маусымның бастауы. Жаңа леп. Соны бір серпіліс. Бірінші қыркүйек - «Жақсы» ұлттық порталы оқырман атты ағайынын төрге шақырып, есігін айқара ашқан күн. Бұл екінің бірі сайт ашып, ойына келгенді жазып, көзіне көрінгенді түрту ме деп ойласаңыз, еркіңіз білсін. Ал, әйтпесе бұл не?

Болашақта ғаламтор кеңістігінде ойып тұрып өз орнын алуды көздейтін сайттың табалдырығын алғаш аттағаннан-ақ, біраз нәрсеге ішіңіздің жылитыны орынды. Алған бағыты  мен ұстанымы, мақсаты мен мүддесі «қазағым» деп тұр. «Біздікі қайтсек, қазаққа пайдалы дүние жасаймыз деген риясыз қам ғана» дейді су жаңа сайттың су жаңа үйлестірушісі Өркен Кенжебек. Бас редакторы - белгілі журналист Сәкен Сыбанбай. Шығармашылық ұжымы - «сен тұр, мен атайын» деп тұрған кілең жастар.

Маңдайшадағы «Біріксең біргесіңнің» дәл қазіргі уақытта әрбір қазақ баласының қолға алатын амалы екені рас. Ат төбеліндей Алаш ұрпағының қоғамдағы тосын толқындарға шашалып қап, тіпті кейде тал қармап қап жатқанын жасыра алмаспыз. Сонда сырттың уы мен зәріне, жамандығы мен зұлымдығына төтеп беретін не нәрсе екен? Әуелден ата сыйлаған салтымызға салсақ, әрине, артымызға бір қарап алмай іс қылмайтынымыз анық. Ал, атам қазақ  ұлттың ішкі имуннитетінің беріктігі бірлікте, ынтымақта екенін бағзыдан бек ұғынса керек. «Бірлік барда тірлік барды» қалдырыпты біздерге. Қазақтың қазақ болып қалуын  ру-руға , топ-топқа бөлінумен байланыстырмағаны анық екен. Содан шығар, «ырыс алды ынтымақты» мықтап тапсырыпты. Тізе берсек бұ қазақты бірлікке шақыратын тіркес көп. Тек амалымызда нұқсан бар секілді. Ісімізден кемшін түсіп жатқанымызды ойланбайтын сияқтымыз.

Ал, осы бір бірлік атты асыл ұстанымды алдағы күндеріне бағыт етіп алған  қазақтың бірқатар жастары бір болып, бірігіп  жасаған дүниесіне қуанбасақ, біздің ұлт қазанындағы бір қайнауымыз кем шығар.  Десе де, біреуді мінеп, біреуге ақыл айтудан аулақпыз. Біздікі бөрі жейтіндей бөлінгеннен гөрі, бірігіп сол бөрінің өзін алған жақсырақ шығар деген ой ғана.  Бүгінгінің бүлдіргілеріне төтеп беретін нәрсе - ол бес саусақтың бүгіліп, жұмылған жұдырық болуында екен. Пайдасынан ойласақ, қазақ үшін бірігуден артық пайдалыны іздеудің өзі уақыт жоғалтудың ең бір опасыз түрі шығар. Сондықтан жақсылықтан үміт етіп, бар қазақ біріккен бірлікте өмір сүрсе екен дейміз. «Біріксің біргесің» - мерзімі жеткен тұжырым. Жақсы ұлттық порталының ұраны осы.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1256
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1154
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 894
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1025