Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2556 0 пікір 2 Қыркүйек, 2011 сағат 10:08

АҚШ ғалымдары банк карталарымен жасалатын алаяқтықтың жаңа түрін анықтады – БАҚ

Астана. 2 қырқүйек. ҚазТАГ - АҚШ ғалымдары банктің төлем карталарымен жасалатын алаяқтықтың жаңа түрін анықтады, деп хабарлайды РБК daily күнделікті іскерлік газеті.

«Қауіп туралы Сан-Диегодағы Калифорния университетінің ғалымдар тобы анықтады. Олардың мәліметтеріне сәйкес, хакерлер банк карточкаларының ПИН-кодтарын банкомат клавиатурасының панеліндегі температураны өлшейтін инфрақызыл камералардың көмегімен біле алады», - делінген жұма күні басылымның сайтындағы ақпаратты.

Зерттеушілердің мәліметтеріне сәйкес, саусақ жастықшалары басылған клавиштарды басқаларға қарағанда жылы қылып қалдырады. Басылған түймелердің кезектілігі де температураның деңгейімен анықталады.

«Зерттеушілердің назарына екі түрлі банкоматтар іліккен - клавиатурасы металдан жасалған (Dynasystem 00-101088-008B) және пластиктен жасалған (Diebold 19-019062-001M REV1). (...) Құпия комбинацияларды банкоматқа пайдаланушыдан кейін кезекте тұрған адам карточкамен операция аяқталған соң оп-оңай анықтай алады», - деп жазады басылым.

Ғалымдардың айтуынша, хакерлік әрекет 80% жағдайда сәттілікке ұласады. Егер интервал бір минуттан аспаса ПИН-кодты заңсыз алу мүмкіндігі 50% құраған.

Іскерлік газет келтірген мәліметтерге сәйкес, Diebold пластик клавиатурасы «он жылдан артық уақыт шығарылмайды, ал ескі банкоматтардың клавиатурасы металл түймелермен алмастырылған». Басылым сауда нүктелерінде кодты пластик клавиатурада енгізуді ұсынатынын баса айтқан.

«Осыған байланысты ғалымдар банкоматпен операция жасап болғаннан кейін панельге алақаныңызды қоюға немесе жұдырығыңызбен ақырын ұрып қоюға кеңес береді, бұл клавишалардың температурасын бірдейлендіреді. Сондай-ақ, ПИН-кодты теру үшін карандаш пайдалануға кеңес береді», - делінген мақалада.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1329
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1183
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 926
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1037