Сенбі, 4 Мамыр 2024
Деп жатыр 4183 0 пікір 25 Желтоқсан, 2019 сағат 16:16

Қырғыз Президенті: Мен әрқашан сөз бостандығын қолдаймын

Бүгін Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков жыл сайынғы баспасөз конференциясын өткізді. Онда Қырғыз Президенті сөз бостандығын үнемі қолдайтынын айтқан.

Президенттің айтуынша, Қырғызстанда сөз бостандығы бар. Және басқа елдермен салыстырғанда қырғызстандық БАҚ қалағанын айтып, жаза алады.

-Мен президенттігім кезінде бірде-бір журналиске қоңырау шалған жоқпын. Әлденені жаз немесе жазба деп айтпадым. Біздің елде ешкім БАҚ-қа қысым көрсетпейді. Менің есімде, президенттікке үміткер болған кезімде, кейбір ақпарат құралдары мені радикалды исламшыл деп жазды. Мен бұл туралы арыз жаздым, бірақ кейін бас тарттым. Өйткені, бұл материалдар сайлау науқанына қатысты екенін түсіндім, - деді Жээнбеков.

Сонымен қатар Жээнбеков Қырғызстанда әрдайым баспасөз бен сөз бостандығын қорғалатынын атап өтті.

-Тағы айтарым, сөз бостандығы - бұл жауапкершілік. Өкінішке қарай, мұны журналистердің бәрі бірдей біле бермейді. Сондықтан, ол президент пе, журналист пе ең бастысы заң аясынан шықпау керек, - деді Қырғыз президенті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1084
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 977
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 718
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 829