Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Ел іші... 3094 7 пікір 24 Желтоқсан, 2019 сағат 14:24

Бір аптада жол апатынан 39 адам қаза тапты

16-22 желтоқсан аралығында ауа-райының қолайсыздығынан 104 жол-көлік оқиғасы орын алыпты. Салдарынан 39 адамның өмірі қиылып, 158 адам түрлі деңгейде жарақат алған. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев үкімет отырысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қар аралас жаңбыр, температураның «нөл градусқа» дейін күрт көтерілуі, тұман, көк тайғақ тағы басқа ауа райының қолайсыздығы жол апатының көбеюіне себеп болған.

-Ауа-райының қолайсыздығына байланысты жолдардағы жағдай қиын болды. Түркістан, Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және тағы 11 облыста жол жабылды. 16-22 желтоқсан аралығында республика бойынша 104 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан 39 адам қаза тапты, 158-і түрлі жарақат алды,- деді министр.

Тұрғымбаевтың айтуынша, жалпы ұзындығы 75 мың шақырым болатын республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 57 учаскесі жабылды.
Апта бойы ең қиын жағдай Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында байқалған.

Сонымен қатар, ол кептелісті жою, жолдарды тазарту, эвакуациялау және азаматтарға шұғыл көмек көрсету жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанын   айтты.

-Жалпы алғанда, көлік кептелістерінде 1000-нан астам автомобиль болды, 120 вагон қар құрсауынан эвакуацияланды, 905-тен астам адам эвакуацияланып, олар жақын маңдағы елді мекендерде орналасқан жылу орталықтарына орналастырылды,- деді министр.

Бұдан соң, Үкімет басшысы Асқар Мамин облыс әкімдеріне, индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігіне, сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» -ға қазақстандықтардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2175
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2576
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2471
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1672