Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2877 0 пікір 1 Қыркүйек, 2011 сағат 13:17

Әлихан Бөкейханның 145 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы туралы ақпарат

Үстіміздегі жылдың 13 қыркүйек күні Астана қаласында Әлихан Бөкейханның 145 жылдығына арналған «Алаш мұраты және Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді. Бұл конференцияның басты ұйымдастырушылары - «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы, «Азаттық» - «Азат Еуропа»/«Азаттық» радиосының Қазақ редакциясы және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті. Конференция екі бөлімнен өтеді - пленарлық және секциялық.

Конференцияға «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысы тақырыбын және Қазақстанның тарихын зерттеп жүрген отандық және шетелдік сарапшылар шақырылды. Олар - елімізге танымал ҚР БҒМ жанындағы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, ҚР БҒМ жанындағы Мемлекет тарихы институты,
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы «Алаш» мәдениет және рухани даму институты, Қазақстанның тарихшылар қауымдастығы сияқты ғылыми-зерттеу орталықтары мен институттардың қызметкерлері, тарихшылар, саясаттанушылар, сонымен қатар, Астана, Алматы, Семей, Орал, Түркістан және Қызылорда қалаларының жоғары оқу орындарының оқытушылары. Сонымен қатар, іс-шараға танымал шетелдік ғалымдар - Томихико Уяма, Марта Олкот, Дина Аманжолова және т.б. қатысады.

Іс-шараның құрметті қонақтары ретінде «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің ұрпақтары шақырылды. Яғни, олардың ішінде, Сырым Бөкейханов, Қырым Алтынбеков, Қайырбек Кемеңгер, Жамбыл Кәмелов, Маяш Құлжабаева, Дәрен Ахметов және тағы да басқалары. Жалпы конференция жұмысына 500-ден астам адам қатысады.

Қазіргі уақытта ғылыми мақалалар жинағы құрастырылу үстінде. Бұл жинаққа шілде айының соңына дейін тапсырған барлық ынта танытқан тұлғалардың еңбектері (ғылыми материалдары) енгізіледі. Сонымен қатар, конференция аясында Әлихан Бөкейханның рухына бағышталып ас беріледі.

P.S.

Конференция барысында «Абай.kz» ақпараттық порталы тағайындап отырған  Әлихан Бөкейхан бейнесі бар арнайы төс белгі табыс етіледі. Төс белгі Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына орай өнерде, мәдениетте, ғылымда, спортта, өзге де салаларда дара көрініп, ел аузына іліккен тұлғаларға беріледі.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1338
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1189
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 933
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1043