Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
4423 1 пікір 23 Желтоқсан, 2019 сағат 10:56

Жаңа жылдан бастап "Ақ жол" - "Қордай" шекара бекеті жабылады

2020 жылы қайта жөндеу жұмыстарына байланысты қырғыз-қазақ шекарасындағы "Ақ жол" – "Қордай" өткізу бекеті жабылады.

Бұл туралы 19 желтоқсанда Қырғызстан мен Қазақстан депутаттар тобының кездесуінде белгілі болды. Парламент мәжілісінің төраға орынбасары Владимир Божко жаңа жылдан бастап "Қордай" бекетін жөндеу жұмыстары басталады деді.

"Ақ жол" - "Қордай" бекеттерінен күніне 10 мыңға жуық адам өтеді. Жөндеу жұмыстарының қашан аяқталатыны белгісіз.

Қазақстанның ресми мәліметі бойынша екі ел ортасында 11 көлік өткізу бекеті бар. Олардың бесеуі көптарапты, алтауы екітарапты.

Қазір істеп жатқан өткізу бекеттерден жылына 11 млн адам, 465 мыңға жуық көлік өтеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2177
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2577
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2484
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1676