Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 3046 0 пікір 1 Қыркүйек, 2011 сағат 07:43

ҚР-да тамыз айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 4,4%-ға артты - статагенттік

Алматы. 1 қырқүйек. ҚазТАГ - 2011 жылғы тамызда күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы (КТШ) Т17 335 құрады, бұл осының алдындағы көрсеткіштен 4,4%-ға жоғары, делінген ҚР статистика агенттігінің ақпаратында.

«Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2011 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда 4,4%, 2010 жылғы тамызбен - 18,9%-ға өсті», - делінген бейсенбі күні таратылған баспасөз мәлімдемесінде.

Құжатқа сәйкес, КТШ құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 19,4%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 14,1%, жемістер мен көкөністерді - 16,4%, нан және жарма өнімдерін - 7,5%, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2,6%-ды құрады.

0 пікір