Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 4166 0 пікір 1 Қыркүйек, 2011 сағат 07:31

Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ. ЖЕР ЖАЛДАУ ЖАЙЫНАН

Жер дауы қазақ даласында ежелден ең шетiн, өмiрлiк мәселелердiң бастысы болып келе жатқаны белгiлi. ХIХ-ХХ ғасырларда қазақ даласын дүмеп басқан келiмсектермен байырғы халықтың ара қатынасы тiптен шиеленiсе түстi. Қазақтың Ахаңы - ұлы Ахмет Байтұрсынұлы бұл күрделi мәселенi де назардан тыс қалдырмаған. 1913 жылы оның қаламынан туған жанашырлық мақаланы оқырмандарымыздың назарына ұсынып отырмыз.

Басқармаға келген кейбiр қаттардан: қазақ жерi алынбасқа амал таппағанымызға өкпелеушiлер бар көрiнедi. Жер жайынан айтарлық сөздiң бiрсыпырасы айтылып болып едi. Сөзiмiзге түсiнiп, ақылымызды алатын қазақ болып, сол айтқандарымызды iстесе, iргесi ауып, табаны көтерiлiп, жерiнен айырылып, боспас едi деймiз. Айтқан сөзге түсiнбесе иә түсiнсе де айтқанды iстемесе, бiз айтып отырсақ, жұрт оны iстемей, ұнатқанын iстеп отырса, оған етер не амал бар? Жұрт iстеп отырған iсiн қисық иә түзу деп айту ғана қолымыздан келедi, iстеткiзбей, тоқтату қолымыздан келе ме?
Қазақ жерiнiң тұтқасының екi ұшы екi қолда: бiр ұшы қазақта, екiншi ұшы орыста. Әдiс қылған жағы ауыстырып алып жатыр, бос ұстаған жағы айрылып қалып жатыр. Жердi қолында қатты ұстау, бос ұстау қазақтың өздерiнен. Оған бiз не iстермiз?

Жер дауы қазақ даласында ежелден ең шетiн, өмiрлiк мәселелердiң бастысы болып келе жатқаны белгiлi. ХIХ-ХХ ғасырларда қазақ даласын дүмеп басқан келiмсектермен байырғы халықтың ара қатынасы тiптен шиеленiсе түстi. Қазақтың Ахаңы - ұлы Ахмет Байтұрсынұлы бұл күрделi мәселенi де назардан тыс қалдырмаған. 1913 жылы оның қаламынан туған жанашырлық мақаланы оқырмандарымыздың назарына ұсынып отырмыз.

Басқармаға келген кейбiр қаттардан: қазақ жерi алынбасқа амал таппағанымызға өкпелеушiлер бар көрiнедi. Жер жайынан айтарлық сөздiң бiрсыпырасы айтылып болып едi. Сөзiмiзге түсiнiп, ақылымызды алатын қазақ болып, сол айтқандарымызды iстесе, iргесi ауып, табаны көтерiлiп, жерiнен айырылып, боспас едi деймiз. Айтқан сөзге түсiнбесе иә түсiнсе де айтқанды iстемесе, бiз айтып отырсақ, жұрт оны iстемей, ұнатқанын iстеп отырса, оған етер не амал бар? Жұрт iстеп отырған iсiн қисық иә түзу деп айту ғана қолымыздан келедi, iстеткiзбей, тоқтату қолымыздан келе ме?
Қазақ жерiнiң тұтқасының екi ұшы екi қолда: бiр ұшы қазақта, екiншi ұшы орыста. Әдiс қылған жағы ауыстырып алып жатыр, бос ұстаған жағы айрылып қалып жатыр. Жердi қолында қатты ұстау, бос ұстау қазақтың өздерiнен. Оған бiз не iстермiз?
Қазақ жерi қазақтан кетпес едi, қазақ жерi қазақтан кетпесiне iс қылсаңдар. Жерiн алдыруға болмаса, алдырмасқа iс қылған қазақ жоқ. Әркiм өз жерiн ғана ойлайды, өз басының ғана қамын ойлап, өз пайдасын ғана көздеп iс қылып, жұрт пайдасы мен зарарына тiптi қарамайды. Жұрт жерi кетпесе, менiң де жерiм кетпес, жұрт жерден айрылса, мен де жерден айрыламын ғой деп еш ойламайды. Сондықтан жұрт үстiндегi көп ортасындағы жер ғой деп, сатып, пайдаланып қалайын деп ойлайды. Мұжықты қазақ жерiне үйiр қылып, қоңсы қондырған әуелде де осылай ойлағандық едi, осы күнде де сол ой қалған жоқ.
Қазақ жерiне мұжықтарды шақырып кiргiзген, күкiметтен бұрын, қазақтардың өздерi емес пе едi? Қазақты бағып тұрған кәкiмдердiң көбi келген мұжықтарды орнықтырмай көшiргендерi де болған. Дала уалаятының генерал-губернаторы Колпаковский қазақ жерi өздерiне де тар, мал жайылуға жер жетпеген соң, қазақ орыстардан әм Тобыл губерниасындағы орыс жерлерiн жалдап, мал жайып отыр деп көрсеткен. Бiрақ қазақтардың өздерi келген мұжықтарға жерiн берiп, құшағын жайып, қойнын ашып, қабыл алып отырған соң, Колпаковскийдiң қазақ жерiн қорғап, қызғанғаны босқа қалған. 1882-шi жылы Жалғызкөл деген жерге түскен қаланы... (оқылмады. Ред.)...* отырсың деп, Колпаковский көшiрген, 1888-шi жылғы 17-шi мартта шыққан генерал-губернатордың бұйрығында Семей облысында еш жерге мұжықтар қала салушы болмасын деген.
Бұл бұйрықтардың бәрi де орнына келмей, құр қағаз бетiнде қалды. Өйткенi мұжықтарға жер керек болды, жұрт қамын ойлайтын қазақтың бас адамдарына жұрт пайдасынан гөрi өз пайдалары жақынырақ болды. Жұрт келер зарарға қарамай, өздерiнiң жер сатып, байып алғанын артық көрдi. Бiр жағынан, кәкiмдер қазақ жерiн қорып бұйрық шығарып жатқанда бiр жағынан, мұжықтар мен қазақ кәкiмдерден жасырын жердi бiрi сатып, бiрi алып жатты. Мұжықтар жиылып, қала болып көбейiп, көзге түсерлiк болған кезiнде ғана кәкiмдер бiлiп қалатын болды. Переселен закөнi шықпай тұрғанда қазақ жерiнде мұжық қаласы жоқ па едi? Оны шақырып, қоңсы қондырған қазақтардың өзi емес пе едi? Қазақтың көбi жер сатуды кәсiп қылып алған жоқ па? Қазақтың ауыл ағасы болған, атқамiнер пысықсынған адамдарының жер сатуды кәсiп қылмағаны бар ма екен? Болса, ауылнайлардың жұртты сыртынан сатып iс қылатындарын былай қойып, жай қазақтардың алғанда да жер сатпайтындары аз болса керек. Жер сату қазаққа әдет болып кеттi. "Ауру қалса да әдет қалмайды" деген, сол жер сату әдетiн жер мол болса да, жер тар болса да тастамайтын көрiнедi.
Қостанай уезiнде Кеңарал болосында Шербина нормасы бойынша "излишке" (артық жер) жоқ едi. Артық жер болмаған соң, жер жалдау болмасқа керек едi. Қазақтар, жерi артық болмаса да, жалдаудан тоқталған жоқ. Шербина есебiнше, бiр мұжық қондырарлық жер болмасқа тиiс, қазақ ол жерге екi поселка қондырып отыр. Каменский әм Белойарский поселкалар, Шербина есебi бойынша, жер жоқ кезiнде келiп түскен. Оған орын тауып берiп қондырып отырған переселен шенеунiктерi емес, қазақтардың өзi. Каменский поселка болған жерге 1891-шi жылы бiр үй орыс қазақтан жер жалдап келiп отырған. 1891-шi жылы және бiр үй келiп қосылған. 1899-шы жылы 24 үй келген, 1900-шi жылы 179 үй келген. Белоайрский поселка тұрған жерге 1899-шi жылы 10 үй келiп, қазақтан жер жалдап орныққан, 1990-шi жылы 63 үй келiп қосылған. Осы күнде сол екi поселкада 700 шамалы үй бар, бұлардың бәрi "излишке" жоқ кезеңде келiп орнағандар. Переселен шенеунiктерi бұларға жер кесiп берерде, қалай берерiн бiлмей, қысылған. Мұжықтарға беруге норма бойынша "излишке" жоқ. "Излишке" болмаса, қазақ жерiн алуға жол жоқ. Орнығып қалған екi поселкадағы 700 үйдi көшiру ретiн тағы таба алмайды. Ақырында жолдан тысқары жан басына 5 десетинадан жер кесiп берген. Қазақтар өздерi қондырмаса, сол екi поселкаға берiлген жерлер - даусыз қазақта қалатын жерлер.
Қостанай уезiнде Меңдiғара болосында норма бойынша "излишке" жоқ едi. Оған да орыс зайымкаларын қазақтардың өздерi түсiрдi, мысалы Гребенкин займкасы оғайрилары. Оларға да жоғарғы екi поселка сиақты жер берiлдi.
Мiнеки, бiздiң қазақтың iсi! Құты переселен, шенеунiктерi: артығы жоқ, қалай аламыз деп қысылып, қызаратын жерлерден қазақтар ұйалмай, қызармай, жер сатып отыр. Осыны iстеп отырып, жерiмiз аз, мұжыққа берерлiк артық жер жоқ деп, ұйалмай, қызармай, дауласпақшы, Ол дауды кiм тыңдамақшы? Қазақтың ондай дауын тыңдар едi, қазақ арыз еткен мекемелер қазақтың жоғарыда айтылған сырларын бiлмесе. Оны бiлмейдi деп айта алармыз ба, осы қабарлардың бәрiн сол мекемелерден алып отырып?
Бұлардың бәрi өткен iс. Ендi оларды түзету болмайтын жұмыс. Болары болып, бойауы сiңiп қалды. Бұлардың қопарын жазып отырғандағы мақсат: өткен iстiң қатесiн байқап, iлгерi iстерге iстемесiн деген. Қазақ көшпелi нормамен болсын, отырықшы нормамен болсын - қайсысымен, жер алса да, бұрынғыдай кеңшiлiк болмайды. Кең жердегi әдетiн тар жерге де iстеп, сатудан тыйлмаса, қазақтың күнi қараң: жерден айрылады. Кең жердегi әдетiн тар жерге iстегенiн жоғарғы екi поселка турасында айтып өттiк. Онан да сорақы iстi тағы естiп отырмыз. Ақтөбе уезiнiң Борлы болысының 8-шi ауылының қазағы Бакеш Дүйсенбай баласының 15 десетинадан алған жерден арендаға жер сатқанын төменде газетаға жазып отырмыз. Жер сатып әдеттенген бiр Дүйсенбай баласы емес, неше мың Дүйсенбай балалары бар шығар. Бәрi де әдетiн тастамай, нормамен өлшеп берген жерге де iстей бастаса, қазақ жерден айрылмай, кiм айрылады? Артығы жоқ тар жерге орнаған орыстарды көшiрмей, сол жерден жер кесiп берген жайын жоғарыда сөйледiк қой. Өздерiң шақырып қондырған орыстарға ортаңнан ойып, өлшеп алған жерлерiңнен жер кесiп бересiң. Бiр жағынан, 15 десетина аз, онымен күн көре алмаймыз деп, зарлап жатып, бiр жағынан, 15 десетина көп деп, артығын сатып жатса, 15 десетина көп екен деп оны кемiтер. Ол кемiткен жердi қазақ тағы сатар. Солай болған соң, қазақ жерi қалай өзiнде қалар?
Қазақ жерi өзiнде қалуға жол тауып бермейсiңдер деп өкпелейтiндер жұртты айтқанымызға көндiрiп отырып өкпелесе екен. Бiз көрген-бiлгенiмiздi айап қалмай, қалыққа айтамыз, оған құлақ салмай жұрт өз бiлiмiнше iстесе, оған не iстермiз? Қазақ пен мұжық бiрiгiп iс қылғанда, Колпаковский бұйрығы да далада қалған. Осы күнгi қазақ жерiне келiп орналасып жатқан мұжықтарды күкiмет келтiрмеске бұйрық шығарса, бәрiн болмаса да, көбiн қазақтың өзi шақырып қоныс берер едi. Өйткенi мұжықтарға жер керек. Қазақтарға еңбексiз тегiн табылған мал керек. Екi жақтың керегi бiр жерден табылған соң, қазаққа мұжық коңсы қонбай тұрар ма?
Әркiм жалғыз өзiм демей, өзгелер жайын да ойлап, пейiлiн кеңге салып iс етпесе, жұрт жұмысы түзелмейдi. Жұрт пайдасын айағына басып, бетiмен жайылатындарын қайырып, үйiрге кiргiзiп отырмаса, бiр қойдың қотыры мың қойға жұққан сиақты, бiр адамның кесiрi мың адамға тимекшi.

1913 ж.

«Түркістан» газеті

0 пікір