Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2750 0 пікір 1 Қыркүйек, 2011 сағат 06:53

Іздеген Бөлтірік. Жамбылдықтар Сағынтаевты «сағынып» отыр. Бозымбаев орынтағын босататын сияқты

Таразға Елбасы немесе мұрты майға шылқыған Мәсімов келе жатыр десе жергілікті жұртшылық «Ой, осы жолы «точно» Бозымбаев кетеді» дейтінді шығарды. Мұндай әңгіменің мұрты өскеніне де біраз болды. Сол аралықта Елбасы да, Премьер де келіп кетті. Әзірге тыныштық. Басқаны қайдам, Жамбылдық жұртшылыққа күйеу бала атанған Алдабергеннің Қанатының ұйқысы тыныш. Бірақ...

Иә, соңғы кездері Әулиеатаға Елбасының сапары жиіліп кетті. Соған қарағанда әкім де ауысатын сияқты ма, қалай өзі? Мәселенки күні ертең Нұрсұлтан Әбішұлының Таразға келетіні белгілі болғалы жұрттың аузынан гу-гу аралас сыпсың сөздер сытылып шығып жатыр. Әйтеуір, көбінесе қалт айтпайтын халықтың сөзіне сенсек, осы жолы Президент әкімді анық ауыстыратын көрінеді. Ендігі әңгіме Бозымбаевтың орнына кім келеді...

Сонымен жұрттың айтқанын аңдасақ, Жамбыл облысына әкім болып Керекудің көшелерін қазақшалаған Бақытжан Сағынтаев келе жатыр екен. Тіпті, Сағынтаевты «сағынып» отырған әлдебір азамат: «Ой, Бақытжан өзіміздің ауылдың баласы ғой, Ошақтының топырағында аунаған өз ұлымыз, өзімізді өзекке теппес, Құдай қаласа, бізге де бір қызмет бұйырып қалар. Өзі қарапайым еді, министр болғанда да ауылға келіп, амандасып тұратын» деп қояды.

Қысқасы, Сағынтаев па, басқа ма, кім келсе де ұлтқа жаны ашитын азамат Жамбылдың тізгінін қолға алса игі еді...

«Абай-ақпарт»

0 пікір