Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
3013 0 пікір 20 Желтоқсан, 2019 сағат 10:17

Ресей мен Украина газ транзиті жөнінде келісімге келді

Ресей мен Украина 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап газ транзиті бойынша келісімге келді. Бұл жөнінде Еурокомиссия вице-президенті Марош Шефчович Берлинде өткен келіссөздер қорытындысы бойынша мәлімдеді.

Германия мен Еуроодақтың араағайындығымен өткен келіссөз тоғыз сағатқа созылды деп хабарлайды dpa агенттігі.

Ресейдің энергетика министрі Александр Новактың сөздерінше, екі елдің өкілдері алдағы келісімдерге қатысты нақты хаттама әзірлеген. Украинаның энергетика министрі Алексей Оржель дайындалған хаттама жайында растағанын "Ведомости" газеті жазды.

Шефчовичтің сөздерінше, түбегейді келісімдер 20 желтоқсанда Мәскеуде және Киевте талқыланады. Еурокомиссия вице-президенті келісімге жыл соңына дейін қол қойылады деп үміттенеді.

Келісімдер негізінде Ресей газы Украина арқылы Еуропаға тасымалданады. Келісім шарты ашық жарияланбады.

Газ транзиті жөніндегі қолданыстағы келісім мерзімі жыл соңында аяқталады. Ресей мен Украина президенттері Париждегі кездесуде келісімді созу жөнінде талқылап, нақты шешімге келе алмаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2091
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2506
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2169
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1616