Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
3668 0 пікір 19 Желтоқсан, 2019 сағат 14:49

Алик Шпекбаев Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының президенті болып сайланды

Елордада өткен Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының халықаралық конгресінде Алик Шпекбаев аталған федерациясының президенті болып сайланды. 

Конгреске әлемнің 27 елінен Қазақ күресі спортының өкілдер келді. Жиын барысында федерация басшысын сайлау мәселесі қаралған болатын. 27 мемлекет өкілінің бір ауыздан берген дауысымен федерациясының президенті болып Алик Шпекбаев сайланды.

Сонымен қатар, жиын барысында жаңа сайланған президент Алик Шпекбаев 27 елден келген федерация мүшелеріне ұсыныс білдірді. Ол бойынша федерацияның «Құрметті президенті» ретінде Досхан Жолжақсыновты, бірінші вице-президенті ретінде Бәделхан Камалханұлын сайлау ұсынылды. Көпшілік бұл ұсынысты да қолдады.

Сондай-ақ, федерацияның вице-президенті болып Грекиядан келген Пекос Феодорос пен қытайлық Соң Жиаңлиң сайланды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2077
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2502
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2133
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1612