Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3935 15 пікір 19 Желтоқсан, 2019 сағат 14:18

Қазақстанның жемқорлықпен күрес тәсілі өзгелерге үлгі бола ала ма?

Қазақстан жемқорлықты жеңудегі тәжірибесін Ауғанстанға үйретпек. Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесін қалыптастыруда Қазақстан Ауғанстанға көмек береді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

Тарқатып айтсақ, аталған агенттік төрағасының орынбасары Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ауғанстан астанасы Кабулға барған. Ол сапар барысында Ауғанстанның Бас прокурорымен, Әділет министрімен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталық пен Жоғарғы соттың сот басқармасының басшыларымен кездескен. Одан бөлек Бектенов мырза, Ауғанстанның америкалық университетінің студенттерімен және оқытушыларымен жүздескен.

Агенттіктің айтуынша, сол кездесуде студенттер мен оқытушылар Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді саясат қалыптастырудағы тәжірибесіне қызыққан. Және, мемлекеттік қызметті цифрландыру мен қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыру тәжірибесі де аудиторияны бей-жай қалдырмапты.

Сонымен қатар, Бектенов Ауғанстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталық мамандарын Қазақстанда қысқа мерзімді оқыту, онлайн-семинарлар мен біліктілікті арттырудың басқа түрлерін ұйымдастыру арқылы жан-жақты қолдайтынын айтқан. Осымен ақпарат тәмам.

Енді тақырыпты тарқатып көрейік...Шын мәнінде, Қазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күрес тәжірибесі өзгелерге үлгі бола ала ма?

1998 жылы "Казахстанская правда" газеті 21 қыркүйек күні шыққан санында Британдық консалтингтік компаниялардың зерттеуін жариялаған. Онда, Қазақстан сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша әлемде 7-орын алатыны жазылыпты.

Ал, 2018 жылы Transparency International ұйымы сыбайлас жемқорлық бойынша көрсеткіш индексін жариялады. Онда Қазақстан 100 баллдан 31 ұпай жинап, 180 елдің ішінде 122-орынға тұрақтаған. Ал, биыл бұл көрсеткіш екі сатыға төмендеп, 124 орын орын болған. Ұйымның дерегінше, Қазақстан соңғы 6 жылда жемқорлық бойынша ең төменгі сатыларда.

Ал, осыдан алты ай бұрын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев Қазақстан сыбайлас жемқорлықтың салдарынан соңғы үш жылда 40 миллиард теңгені жоғалтқанын айтты.

Одан бөлек, Қазақстаннан заңсыз ұрланып, шығарылған оффшордағы ақша 168 млрд.доллар болған.  Ал, 2016 жылы Панама оффшорларының тізімі жарияланып, онда біздің біраз шенеуніктердің аттары аталған еді.

Түйін. Біз жыл сайын жемқорлыққа қарсы күрестің жоспары жарияланып жатады. Дұрыс. Жемқорлықпен жан салып күресуіміз керек! Жаңағы Шпекбаев мырза төрағалық ететін агенттік жыл сайын бірлі-жарым шенеунікті немесе шенеунік торуылдап жүрген ірілі-ұсақты мемқызметкердің ұсталғанын хабарлап жатады. Миллиондап пара беріп, пара алып жатқан кадрларға қарап, бәрекелді дейміз. Десе де, осындай қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанына қарамастан қыруар қаржы оффшорға кеткені және факт! Ол туралы агенттік төрағасының өзі де айтыпты, әне.

Ендеше, біздегі сол сыбайлас жемқорлықпен күрес қаншалық эффективті? Ол өзгелерге үлгі бола ала ма?

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2175
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2576
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2475
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1674