Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Ауыс-түйіс 4879 9 пікір 19 Желтоқсан, 2019 сағат 11:41

Нұрлан Ноғаев - Энергетика министрі

Мемлекет басшысының Жарлығымен Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ҚР Энергетика министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

"Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Атырау облысының әкімі қызметінен босатылсын", деп жазылған Президент Жарлығында.

Атырау облысына жаңа әкім тағайындалды - Махамбет Досмұхамбетов

(Атырау облысының жаңа әкімі)

Ал Нұрлан Ноғаевтың орнына Атырау облысының әкімі болып Махамбет Жолдасқалиұлы Досмұхамбетов тағайындалды.

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев биыл шілдеде 52 жасқа толған. Орыс, түрік және ағылшын тілдерін еркін меңгерген екен.

Қызметтік биографиясына көз жүгіртсек, Нұрлан Асқарұлы әр жылдары "Қазақтүрік мұнай", "Гили-Паскер", "ҚазМұнайГаз" секілді мұнай саласындағы ірілі-ұсақты компанияларқа қызмет қылған.

2006 жылдың тамызында ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде, Мұнай өнеркәсібі департаментін басқарған.

2007-2010 аралығында БҚО облыс әкімінің орынбасары болды. 2010 жылы қызметі көтеріліп, БҚО-да облыс әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалған. Бұл лауазымды 2012 жылға дейін атқарған. Сөйтіп, 2012 жылдың қаңтарында Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Ал 2016 жылдан бері Атырау облысын басқарып келді.

2016 жылы Нұрлан Асқарұлы Атырау облысының әкімі қызметінде жүргенде оның айлық жалақысы туралы ақпарат БАҚ-та жария болды. Ол кезде Нұрлан Ноғаевтың облыс әкімі лауазымындағы айлық жалақысы - 924 мың теңгені құраған.

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев "Құрмет", "Парасат" ордендерімен марапатталған. "Нұр Отан" партиясының мүшесі. Ресейде білім алған. И.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінде, сосын, Ресей Сыртқы істер министрлігі жанындағы "Халықаралық қатынастар университеті" Мәскеу мемлекеттік институтын тәмамдаған.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2175
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2576
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2471
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1672