Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
3674 3 пікір 19 Желтоқсан, 2019 сағат 10:54

Еуропалық одақ 30 мың босқынды қабылдайды

Еуропалық одақ елдері келесі жылы 30 мың босқынды қабылдайды. Бұл Еурокомиссияның әлемдегі дағдарыс аймақтарын көшіру бағдарламасы негізінде жүзеге асырылмақ.

Бағдарлама бойынша Түркия, Ливан, Иордания, Жерорта теңізі аймағындағы елдер, Нигера және Руанда мемлекеттерінен босқындар қабылдайды деді БҰҰ-ның босқындар бойынша жоғарғы комиссары.

Еурокомиссия мәліметі бойынша, Еуроодақ елдеріне 2015 жылдан бастап 65 мыңнан астам босқын келген. ЕО бюджетінен қабылдаушы мемлекет әр мигрант үшін 10 мың еуро қаржылай көмек алады.

Соңғы жылдары Еуропаға Африка және Таяу Шығыс елдерінен ондаған мың босқын қашып барған. Олардың көбі Жерорта теңізін жүзіп өтпек болған кезде қайтыс болған. 2019 жылы 400 мың босқын қаза тапқан, оның ішінде балалар да бар.

ЕО-ның кейбір елдері босқындарды қабылдаудан бас тартқан.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2066
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2495
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2104
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1608