Сенбі, 24 Қазан 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 110250. Жазылғандар — 105566. Қайтыс болғандар — 1796
Жаңалықтар 1884 0 пікір 31 Тамыз, 2011 сағат 06:01

Мемлекет басшысы Назарбаев қазақстандықтарды конституция күнімен құттықтады

АСТАНА, 31 там - Қазақстан жаңалықтары АА. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Мерекелік іс-шараларға қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы біздің еліміз тарихи мәні зор оқиғаға - Тәуелсіздіктің 20 жылдығын атап өтуге таяп келе жатқанына тоқталды. Мерейтойлық салтанатты шаралар аясында Конституция күні ерекше орын алады», - делінген баспасөз хабарламасында.

Негізгі заңымыз Қазақстанның ХХІ ғасырдағы жемісті жолының берік іргетасы болып табылады. Конституция - бүкіл халықтың ерік-жігері. Негізгі заңның арқасында біз тарихи дәуірлер кезеңін сенімділікпен еңсердік, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ мемлекет басшысы, «Конституция мен Тәуелсіздік біздің Отанымызда қазақстандық Армияның сенімді қорғауында болатынын атап өтті. Қазақстан - бұл Конституция күні әскери парад өткізетін бірден-бір ел. Бұл біздің бірегей дәстүріміз», - делінген хабарламада.

Біздің даңқты Отан қорғаушыларымыз! Өздеріңнің қасиетті борыштарыңды лайықты атқарыңдар. Жауынгерлік рухтарыңды шыңдай түсіп, әскери шеберліктеріңді арттырыңдар! Қазақстандық шекараның қауіпсіздігі мен беріктігі - сіздердің қолдарыңызда! - деа түсіндірді Мемлекет басшысы.

newskaz.kz

0 пікір