Дүйсенбі, 3 Тамыз 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 92662. Жазылғандар — 62511. Қайтыс болғандар — 793
Көкжиек 3505 18 пікір 4 Желтоқсан, 2019 сағат 12:48

Яассауи ілімі - қазақтың бас идеологиясы!

Адамның тілі өзгерсе басқа тілде шүлдірлейді,

ділі өшсе ұлтын жоғалтады,

діні өлсе адамдықтан бірақ кетеді.

Моңғол шапқыншылығы, орыс отаршылдығы, жетпіс жылдық советтік қызылдар қырғыны кезінде тәнін берседе, рухын бермеген, өзін берседе, иманын бермеген қазақтар, егемендік алған соңғы жылдарда интернет ағысымен ағып, бейпіл ауызданды, рухын тонатып, мінезі өзгерді. Құдды жүгенсіз атқа мінген адамдай, белгісіз бағытқа кетіп барады....

Бабаларымызды сол алапат жылдардан аман алып шыққан, өлмес те өшпес күш не, оны қайдан алды? Көп адамдар идеология дегенде ұлттың салт-дәстүрін көз алдына келтіреді. Салт-дәстүр ұлттың ділі, ел басқарудағы моральдық заңы. Анау болмайды, мынау болмайды салтқа қайшы деп отырамыз. Онсыз ұлт болмайды. Десе де, ол ұлттық идеология рөлін атқара алмайды.

Ежелгі адамдар өздерін қоршаған құпия әлемді өз өресі жеткен деңгейде түсініп, қабылдауға тырысты. Бұл көптеген сенім мен нанымдардың пайда болуына себеп болды. Ежелгі заманнан осы уақытқа дейін жеткен деректерге сүйене отырып, кез-келген халықтың діні, наным-сенімдері мен дүниетанымы оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор екендігін білеміз.

Дәстүрлі нанымдардың негізгі түрлеріне: Aнимизм (тaбиғaттағы жанды-жансыздың рухы бар деп қарау және оған бас ию). Фетишизм («ерекше қaсиетті зaт» сенімі және олардың мaгиялық қуaтынa негізделген. Пұтқa тaбыну, бойтұмaр тaғыну). Тотемизм, (ата-баба аруағына табыну, шаманизм,  көкке және жерге табыну), тәңіршілдік пайда болды.

Біздің алғашқы нанымдарымыз тотемизмге негізделді, әр тайпаның өз тотемі болды. Қазақтардың әлі күнге көк бөріні пір тұтуы, аққуды атпауы - осы мифтік жануарлардың күші мен қамқорлығына деген сенімі.

Көк аспанды, жұлдыздарды, күн нұрын жан тұрағы деп қарастыру - оларды құдіреттендіруге жол ашты. Дамудың белгілі бір сатысында адам болмыс пен сананың, тән мен рухтың ара жігін ажыратты және соңғысын жоғарғы әлеммен байланыстырды. Әлемдік діндердің бастау тегіне Көкке табынудың (Тәңірге сену) өзекті қағидалары оларға арқау болған. Көкке табыну - уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған ортамен тіл табысуға ұмтылған адам баласының алғашқы таным түсінігі. Көне түркілер жерімен, Жібек жолы арқылы қаншама діндер өтсе де, түркілердің негізгі сенімі тәңірге, аруаққа, төтемге табыну болды. Ол кездің әдебиетінде басты тақырып елдік, ерлік, салт-дәстүр, жоқтау еді.

Бұл үрдіс пайғамбарымыз (Илаһи билік 23 жыл) және оның төрт халифатының (Ижма 622-651) 29 жылдан соң, 661-750 жылдарда Уммия билігі үстемдік етті, 751 жылы Қарлұқтар кезінде Тараздағы Атлақ шайқасынан кейін Аббасилер билікке келуді. Содан бастап Тұран елі ислам дінін өз еріктерімен қабылдай бастады. VIII-IX ғғ Орта Азияда араб тілі мен мәдениетінің үстемдігі айқын сезілді. Әл-Фараби тағы басқа көптеген оқымыстылар осы кезде шықты.

X-ғасырда орта азияда парсы тілі мен мәдениетінің үстемдігі байқалды, атақты Зафарнама сол кезде жазылды. Х-ғасырдың соңғы жартысынан бастап Қараханиттер дәуірі басталды, Сатұқ Боғра хан өз тегін, өз тамырын іздеді, өздерін ежелгі Тұрандықтардың ұрпағымыз деп жар салды. Осылай үш жүз жылға жалғасқан өз еліндегі мәдени, тілдік үнсіздік ғасырын бұзды. Ислам дінін ел идеологиясы етіп, түрік текті мұсыманбыз деп заңында жазды. Осыдан соң XІ-ғасырда түрік тілі мен мәдениеті өз териториясында салтанат құрды.

***

Ұзтазы Арыстан бабтың соңғы деміндегі өсиетімен Яассауи Бұхараға барып, қожа Жүсіп Хамадани хазіретінің қызыметінде болып, мүршидтік кемел мәртебеге жетеді. Жүсіп Хамаданидің екінші халпесі қожа Хасан Андаки 1157-жылы рамазан айының 26-жұлдызында дүние салған соң қожа Ахмет Йассауи атамыз пір болып Бұхара халқына дағуат жасап жүргенде, Илаһи аянмен Түркістанға баруы ләзім болады. Пірлікті қожа Абдулхалық Ғыждуани хазіретіне беріп, барша шәкірттерінің оған қол беруін өсиет етті. (Мәулана Әли ибн Хусейін. «Рашахат ани әл-Хаят».-Астана,2017. 456 бет). Туған өңірінің діні басқа отаршыл халықтардың қол астында қалатынын біліп, халқын құтқаруға келеді.

Түркістан халқында ежелгі оғыздардан сақталған 24 тотемдік символ болды, олар көк бөрі, бүркіт, ителгі, қыран, сұңқар, тазы, қаршыға, үкі, қарылғаш, аю, ай, күн, жұлдыз, тұмар, от деп жалғаса беретін. Ежелгі дүниетанымда біздің ата-бабамыз қасқырдан тарайды, не қасқыр емізеді, әйтеу, ит тұқымдас етіп көрсетеді. (Қытай жазбаларында «солтүстік патшалықытар және ит елі» деген үлкен аңыз бар). Міне, бұл Яассауиден бұрынғы бүкіл түрік халықтарына ортақ шежіре. Бүгіні адамтану ғылымында біздің ата-тегіміз қасқырдан тарайды деп айтуға бола ма, Дарвинизмнің адам маймылдан жаралды дегеніндей күлкілі нәрсе емес пе.  (Яссауи феномені. С.Керімбай, М. Төлеген, Ә.Нәби, А. Тасболат.-Алматы: «Орхон» Баспа үйі,2017.456 бет).

Пайғамбарымыздан бұрын құрып-бітуге шақ қалған Араб түбегі Құранмен сусындап, қырық құрау болған арабтардың басы бірігіп, мәңгілік Илаһи ілімнің нұрына шомылды. Құран түспесе, Пайғамбарымыз сол жерде тумаса Мекке мен Мәдинаға миллиондаған адам барар ма еді. Уотт Монтгомери «Исламның орта ғасырлық Еуропаға ықпалы» атты еңбегінде: Пайғамбар мисуагі әлемге тіс жауатын щетканы сыйлады. Сүннет көйлегі пижмаға айналды, ғұсыл тазалықты, дәрет төсекке аяқты жуып жатуды үйретті, жұмаға дайындалып сақал мұрт, шаш тырнақты алу жеке гигиена мен мәдениетті үйретті. Бұрынғы төсекке де жүн шекпендерімен құлай беретін жаман әдеттерінен айырылып төрт мезгілге қарай киім киетін болды, биттен құтылды, тамақты фарфор ыдыспен ішетін болды, кептірілген балық жейтін Еуропалықтар жеңіл сорпа, қою тамақ, тәтті тағам жеуді әдетке айналдырды,  Араб цифыры, компас, қағаз жасайтын дирмендер Еуропаға келді, солай жаппай сауаттанды.  Зайтүн,  інжір, банан, жүзім, құрма, шие жемістері келді,  егінді үнемдеп суғару үшін шағын арықтыр қазды, Гиттар алғаш Испанияда Кодрова халифатында пайда болды. Сәулет өнері дамыды, медицинаға жаңа серпін берді, солай Ибн Сина атымен аталды.

Адамды тәрбиелейтін Пайғамбарлар тізбегі тоқтаған соң, ұстаздық қызметті әулие-ғұламаларға берілді. Қожа Ахмет Яассауиге Алланың нұры түскен үлкен әулие.

Қожа Ахмет Яассауи түркі халықтарының дүниетанымының көкжиегін кеңейтті, көне түркілік дүниетанымды ислам қағидалырымен байытты, жаңа өркениет қалыптастырды. Дәл солай мәңгілік ілім көне түркілік мәдениетке де өз сәулесін шашты. Қоғамды жаңартты, Яассауи түркінің ежелгі өмір сүру заңдылықтарының шариғатқа қайшы емес жақтарын сол бойынша қалдырды, қайшыларын назиралық жолмен ақырын жаңғыртып, синтез жасай білді.

Яассауи қазақ ұлтының ұлттық идеологиясын жасады

Жыр-дастандардағы тотемдік ұғымдарды илаһи ілімге сай етіп назиралық жолмен жаңғыртты. Тәңірді-Аллаға. Көкбөріні- Адам атаға. Періні- періштеге. Киесі бар адамды- Әулиеге. Құт қонған дуалы ауыз адамды- Пірге ауыстырды т.б, солай қазақты келешек толысқан ұлт ретінде дайындады, ру басына қожаларды қойып, дәстүрлі діни сана қалптастырды, дін ғибадат қана емес, әуелде ұят болады деп әдеп-ақлақ, иба-ізет, ар-намыс, білім-өнеге, адамгершілік, мейірімділікті үйретті. Үлкенді силап, кішіні аялайтын көркем мінезді ұлтқа айналдырды. АН­ФАЛ сү­ресінің 29-aятындa: «Ей, мү­мін­дер! Аллaдaн қор­қыңдaр, Оғaн құл­шы­лық жaсaңдaр, тaқуa бо­лыңдaр, сондa Аллa сен­дер­ге ерек­ше қaбі­лет бе­ріп, жaқсы мен жaмaнды, aқиқaт пен жaлғaнды aйырaтын қүш бе­ре­ді. Кү­нәлaрыңды ке­ші­ре­ді, сен­дер­ді жaрылқaйды. Аллa қaмқор­шы, aсқaн жомaрт». Міне осылай Құранда көп жерде мадақталатын шын тақуалықты халық жанына әдемі сіңірді.

«Бір шәугім шай бөліспеген еншіміз» деп танымайтын бір бейуана Алтайдан Атырауға дейінгі алып аумақты көк тиінсіз аралайтын болды. Елінде жетімі, жесірі, қайыршысы жоқ ұлтқа айналдырды. Ел иманын парыз, ужіп, сүннет, мүстәхап, мәндүп, нәпіл амалдарымен қорғады. Адамдардың өмір сүру салты сүннетке лайық болды, солай тариқатты ұстанған озық ұлт деңгейіне көтерді. Қатынның пірі күйеуі деп, от басында отағасы «хан» болды, күйеуі қайтыс болған әйелдің пірі кем болды деп «кем-пір» термині қалыптасты. Ауыл ақсақалдары соттың рөлін атқарды, билер жоғары сот болды. Солай қоғам тәртібі күшті түзелді. Яассауи ислам ілімін қазақтың мақал-мәтеліне орап елге ұсынды, өлең-жырдың бәрі имандылыққа шақыратын ТҰНЫҚ жырға айналды, қазақтың рухани сұранысына тамаша азық бере білді. Сансыз шәкірт оқытты, соның арасынан әулие мақамына шыққандар халықты кереметімен тура жолға салды. Бүгінде кез келген қазақ «атам молда болған»,- деп мақтанышпен айтады, себебі барлық қазақ дінді мықты ұстанған, «Иа-сиин» сүресін білмейтін қазақ кемде кем болды, ол кезде. Соның күшімен бізді жаулаған моңғолдар,т.б  өздері бізге жауланып, сіңіп кетті. Орыстың ағы мен қызылы болып үш жыз жыл қазақты отарлап, ойына келгенді істегенде де бізді жоғалта алмады, қытайдың қайыс ноқтасы қанша қатайсада қазақ жоғалмайды. Қазақтың өмір сүруі басқалар үшін қылмыс болған сол заманда Яассауи ілімінің рухымызға сіңуінен аман қалдық Әллһамдүлла. Алайда тәуелсіздік алған 29 жылдан бері қазақтар өзін таба алмай адасты, сан мәдениет пен сан тарихтың ішінен өзін іздеп жүр.

Яассауи ілімі қазақ мәдениетінде, дүниетанымында, менталитетінде, әдебиетінде (өлең-жырларында), мақал-мәтелдерінде, салт-дәстүрінде күні бүгінге дейін айқын көрініп тұр. Яассауи ілімі болмаса қазақты көз алдыға елестеу мүлде мүкін емес. Яассауидің қазақ жыраулар поэзиясын қалптасыруда сіңірген еңбегі өз алдына. Жыраулар пірлерінің «Хәл» ілімін меңгеріп, дуалы ауызға айналып, ел-жұртқа, хандарға жырмен кеңес берді. Жыр тыңдағанда арқасы қозбайтын, рухтанбайтын қазақ жоқ, қазақтың бойындағы Алла жақсы көретін көп қасиет бар, ақкөңіл, адал, арлы, намысты, ұятты, батыр т.т.  осы жырдың рухына сіңгені болмақ, Алып далада диялект жоқ, ұлттың өзегін шірітпей ұстаған бір күш осында жасырынған. Сондықтан да жыраулардың еңбегі өлшеусіз. Күні бүгінге дейін халықтың тілі һәм көзі болып келе жатқан айтыс соның заңды жалғасы. Қазақты аттан түсіріп, қазы мен қымыздан алыстатып, жырын өртеген орыстар, бізді бізден жақсы білген. Яассауи ілімі қазақ ұлтының бас идеологиясы болғаны айдан анық. Абылай хан бастаған қазақтың хан-сұлтан, игі жақсылары алыс аумақта өмір сүрседе, соңғы демінде өзін «Яассауидің жанына апарып жерле»,- деп өсиет етуін терең ойлансақ біраз дүниенің басы ашылары хақ. Біз қанша Яассауиден алыстасақ сонша қазақ ұлтымыздан алыстаймыз. Әрине, жалған, білімсіз, надан сопылық басқа, (буддис, христиан сопылары тауда өмір сүрді, тәркі дүние болды, үйленбейді). Құранда еш жерде сопы термині кездеспейді, тек Асхабул суффа туралы айтылады. Біз дінсіз ғалымдардың көзімен тақуа мен сопыны шатастырдық. Яассауи атамыз нағыз тақуа, 63 жасынан соң жер астында ғұмыр кешуі Пайғамбарымызға деген әдбінен және Илаһи аян (анығын Алла біледі). Қазақ идеологиясы Қожа Ахмет Яассауиден бастау алады. Қожа Ахмет Яссауидің ілімінің бастау көзі  сүйікті Пайғамбарымызға барып тіреледі. Ал ата тегі пайғамбарымыздың немере ағасы Әбу Тәліпке барып тіреледі.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында тарих саханасына «жадит» ұғымы шықты. «Жадит» араб тілінде «жаңа» деген мағына береді. Білім мен руханият саласындағы идеялық ұстанымды ұстанған жәдитшілдік бағыттағы мұсылман халықтары, соның ішінде қазақ халқының арасында кеңінен танымал болды. Оқу-ағарту саласындағы Исмайыл Гаспринскидің жадитшіл ұстанымының қайнар бастаулары түркі әлемінің көрнекті ұстаздары Әбдінасыр Әл-Курсави(1776-1812) мен Шаһабуддин Багауиддинұлы Әл-Маржанидің(1818-1889) дүние танымдық көзқарастары мен ұстанымдары болды. Жәдитшілдік қозғалысы мұсылман халықтарын даму мен өрлеу жолына, заманына лайық ғылым-білімнің жетістіктерін пайдалана отырып, өркениетті елдер қатарына қосылуды мақсат етті. (Б.Қ Бейсенов. Қазақ ойшылдары дін туралы: оқу-құралы-Алматы, 2012.-192б 161бет).

Абай жәдитшілдік жолды ұстанған зиялы. Ол өз ұлтының тамырын дәл басып, барлық кеселін айтып, одан арылудың да жолын көрсеткен. Мағжан атамыз «қазаққа ақылдан да, ақыннан да Абайдан асатын ешкім жоқ, одан кейін қолға қалам алудың өзі ұят»,- деп толқыған екен. Абайдың Абайлығы оның «Патша Құдай сыйындым, тура баста Өзіңе» деп бір Алладан медет сұрайды, бар ісін Соған тапсыра қолына қалам алуында жатыр. Ол Құранды тікелей оқып нәр алған, Яассауи ілімін қазақ жыраулары негізінде терең меңгерген, шығыс шайрлары Фирдоуси, Низами, Хафиз, Жами, Сағди, Науаи, Сәйхалилерді түп нұсқада оқып бойына сіңірген. Өркениеттер ағысын орыс көзімен оқыды осының бәрін Абай өз хәлібінің(жүрегінің) сүзгісінен өткізіп синтездеп, туған еліне өлмес шығарма етіп ұсынды. Қазақтың бас ақыны, қазақ көсем сөзшісі «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос»деп елді бірлікке шақырып, үлкен болашаққа бастады, «Құдай бір Құран шын, Құдайдың Өзі де рас, Сөзі де рас» деп өзіңді жаратқан Алланы тануға үндеді. «Жүректің көзі ашылса, Хақтың түссе сәулесі, іштегі кірі қашырса, адамның хикмет кеудесі»деп адам айналамына бір сәт ақыл көзімен емес, жүрек көзімен қарай алсаң Құдірет иесін танисың. Сонда Жаратушының нұры түседі, бар күнадан пәктенеді, сол кезде адам нағыз адамға айналады деп өзінің «толық адам» болу идеясын ортаға салады. Абай «қолымды мезгілінен кеш сермедім» деп өкінді, ағасы Құдайберді ауыру төсегінде жатып інісі Абайға аманаттаған баласы Шәкәрімді өз тәрбиесіне алып, өзі шықпаған биікке жеткізді. Шәкәрім қажы қазақ өркениетінде өз алдына бір әлем.

ХХ-ғасырдың басында ұлттық рух Алаш көсемі Әлихан Бөкейханың бойынан және оның жанындағы тау тұлғалардан көрінді. Алаш зиялылары жәдитшілдік жолды мықты ұстанды. Олар «Әр қазақ қызының бас жасауына Абайдың өлеңдер жинағын беретін болсын»,- деп үндеу жасап, Абай өлеңдерін баспадан шығарып елге таратқан екен. Демек, бұдан Алаш арыстары ұлт ақылманы Абай Құнабайұлын өздеріне рухани ұстаз тұтқанын аңғарамыз. Алаш зиялылары «Айқап», «Сарыарқа», «Абай» журналдары мен «Қазақ», «Қазақстан» гәзеттерін шығарып ұлт, дін мәселесін көтеріп орыстандыру мен миссонерлік саясаттың жымысқы әрекетін әшкерелеп халқына көз құлақ болды. Алаштықтардың молдасы Ғұмар Қараш ағартушылық бағытта көп кітаптар жазды. Жәдитшілдік  Алаш көсемдерінің қазақ мемлекетін құру идеясына тың серпін берді. Әманда, еліміз аман жұртымыз тыныш болсын! Қазақ мәңгілік ұлт!

Нұрхалық Абдырақын

Abai.kz

18 пікір