Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2623 0 пікір 25 Тамыз, 2011 сағат 06:58

Қызылорда облысында күріштен рекордты өнім алу жоспарланып отыр

Қызылорда. 25 тамыз. ҚaзТАГ -Биыл Қызылорда облысында күріштен рекордты өнім алу жоспарланып отыр, деп хабарлады облыс әкімі Болатбек Қуандықов.

«Бұл маусымда Арал өңірінде күріштен мол өнім алу жоспарланып отыр. Мамандардың болжауынша, 370 мың тонна жиналуға тиіс. Бұл былтырғы рекордтық көрсеткіштен жоғары», - деп мәлім етті Б. Қуандықов үкіметтің селекторлық кеңесінде.

Оның айтуынша, диқандарда күрішті сақтау бойынша қиындықтар туындамайды. Бидай сақтау қоймалары мен токтардың бәрі жаңа піскен өнімді қабылдауға дайын.

«Биыл күріш өсірушілер үшін мемлекеттік субсидиялардың көлемі 1,5 мың теңгеге артып, гектарына 15 500 теңгені құрады, бұған тыңайтқыштарға кететін шығынды қосыңыз», - деп мәлім етті ҚазТАГ-қа бейсенбі күні ауыл шаруашылық басқармасынан.

Ауыл шаруашылық басқармасының механизация және өсімдік шаруашылығын дамыту бөлімінің бастығы Шақырбай Оралбековтың атап көрсетуінше, облыс күріш өсіруші негізгі аймақ болып қалуда. Күріш алқаптарының 80% осында шоғырланған. Оның ақпаратына сәйкес, соңғы үш жылда күріш егістіктері 61,5 мың гектардан 77,4 мың гектарға дейін ұлғайды.

«Жер шаруашылығы суаруға негізделген Арал өңірінде биыл егіс алқаптары 160 мың гектардан асты. Оның жартысына жуығына күріш егіліп, қалғанына картоп, көкөністер мен бақша тұқымдастары мен азық дақылдары өсірілді», - дейді Ш. Оралбеков.

0 пікір