Жұма, 26 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2831 0 пікір 25 Тамыз, 2011 сағат 06:51

Шығыс Қазақстанда құрғақ қымыздың экспортына нормативті құжаттардың жоқтығы кедергі келтіріп отыр

Өскемен. 24 тамыз. ҚазТАГ - Қазақстанда құрғақ қымыз ұнтағы сияқты өнімге нормативті құжаттар мен мемлекеттік стандарттың жоқтығынан, Шығыс Қазақстандағы «Игеру» шаруашылығы Еуропа мен Қытай күтіп отырған құнды өнімнің экспортын кейінге қалдыруға мәжбүр, деп хабарлайды Семей әкімдігі.

«Бүгінгі күні Қазақстанда жылқы сүтін өндіруге және оны ұнтақ түрінде қайта өңдеуге нормативті талаптар жоқ, мемлекеттік стандарт жоқ. Құжаттар енді жасалып жатыр. Сондықтан өнімге Еуропа мен Қытайда сұраныс аса жоғары болғанына қарамастан, шаруашылық әзірге оны «қоймада» сақтауға мәжбүр», - деп хабарлайды әкімдік.

Семей қаласының маңында орналасқан «Игеру» шаруашылығы жарты тоннаға жуық құрғақ қымыз шығарып үлгерді. Өндірістің негізіне сублимацияның неміс технологиясы алынған, ол кезде ұнтақ қатырылған қымызды газға айналдыру кезінде алынады. Мамандардың пікірінше, мұндай технология жарты ғасырға жуық уақыт қолданылып келген Германиямен салыстырғанда, семейлік ұнтақтың сапасы жақсырақ.

«Еуропада мал тұрақты түрде қорада тұрады, ал біз табындық жайылыммен толықтырамыз. Біріншіден, өнімнің өзіндік құны төмен, екіншіден, табиғи жайылымды ешқандай құрама жемді алмастыра алмайды», - дейді әкімдіктегілер.

Мамандардың пікірінше, шаруашылық өз тауарымен Еуропа нарығына шыққан соң ғана құрғақ қымызды ішкі нарықта сатуға болады.

0 пікір