Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2895 0 пікір 24 Тамыз, 2011 сағат 05:40

Теміртауда «орыстар» қазақ мектебінің ашылуына қарсы шығуда

 

Теміртауда қазақ мектебінің ашылуына қарсылық әлі жалғасуда деп хабарлайды http://turk-media.info сайты.

Білім саласын қайта құруға бағытталған шаруаға ата-аналар жағы ашық қарсы шығуда деп жазады аталған сайт. Естеріңізге сала кетейік, Теміртаудағы «орыс» мектебінде оқушы саны азайып, ал қазақ мектептерінде керісінше орын жетіспегендіктен жергілікті билік екі мектепті қосып, онда қазақша білім беруді жоспарлаған болатын. Бірақ № 9 мектептің ата-аналары мектепте бірыңғай қазақша (біреулер арандатуы да мүмкін) білім беруге қарсы шығып, сотқа арыз түсірген.

Казактарға үкіметбасының бұйрығы бұйым емес

 

Теміртауда қазақ мектебінің ашылуына қарсылық әлі жалғасуда деп хабарлайды http://turk-media.info сайты.

Білім саласын қайта құруға бағытталған шаруаға ата-аналар жағы ашық қарсы шығуда деп жазады аталған сайт. Естеріңізге сала кетейік, Теміртаудағы «орыс» мектебінде оқушы саны азайып, ал қазақ мектептерінде керісінше орын жетіспегендіктен жергілікті билік екі мектепті қосып, онда қазақша білім беруді жоспарлаған болатын. Бірақ № 9 мектептің ата-аналары мектепте бірыңғай қазақша (біреулер арандатуы да мүмкін) білім беруге қарсы шығып, сотқа арыз түсірген.

Казактарға үкіметбасының бұйрығы бұйым емес

Өткен бейсенбі күні қазақ мектебін ашуға қарсы шыққандар Теміртауға казак атаманы Юрий Захаровтың келуін күтті. Қалаға адуынды казактар келсе, мәселенің бәрі біржақты оңай шешіледі деген сөз тарады. Олар бейне бір ел ішіндегі қоғамдық, мемлекеттік мәселелерді шешетін осы елдің егелері сияқты әсер қалдырды. Бұған дейін де Теміртаулықтардың осы бір тобы Ресей президенті мен премьер-министріне арнайы хат жазып, өздерінің болашақтарын Қазақстанмен байланыстырмайтындарын білдіріп алған болатын. Бізді бір тәуелсіз мемлекет емес, Ресейдің әлдебір провинциясы деп ойлайтын болса керек бұлар. Егер АҚШ-та тұратын тегі қытайлық азамат Ху Цзиньтаоға хат жазып, Америкаға қарсы арызданса, оны қалай қабылдар едіңіз? Бұлардың бүлікке бейім қылығы дәл осыған ұқсайды. Қазақ мектебінің ашылуына қарсы шығып жүргендердің ешқандай ұяты да жоқ, азаматтық жауапкершіліктен де олар жұрдай сияқты. Ал еліміздегі  билік тарапынан қолдау тауып келе жатқан кейбір этникалық ұйымдар бұндай қарсылық шараларына отқа май құйғандай мәселені әдейі өршітіп отырғанға ұқсайды.

Ал Юрий Захаров уәде бергенімен Теміртауға келген жоқ. Бірақ 12 адамнан тұратын теміртаулық «шолақбелсенділер» автобус жалдап, Астанадағы атамандарына «құлдық ұруға» өздері аттанды. Жергілікті жерде бұрыннан бері осындай «дәстүр» қалыптасқан. Ал өзін арқаланып Астанаға келген сыбайластарын Юрий Захаров үлкен үміт күттіретін сөздермен кері шығарып салған көрінеді. Яғни, тамыздың 16-сы күні үкіметбасы Кәрім Мәсімовтың қабылдауына кіріп, одан орыс мектебін қалдыруды «талап ететінін» айтқан. Казактармен Қазақстаннның билігі санасатын сияқты..

Жаман үйді қонағы билейді

Қазақ мектебін ашуға қарсы шыққандармен сөйлесу үшін Теміртауға облыстық Қазақстан халқы асамблеясының өкілдері де келді. Алайда ортақ мәмілеге келу мүмкін болмады. Залда отырған «белсенділер» әдейі айғайлап, дауыс көтеріп мінбеге шыққандарды сөйлетпей қойған. Сыртай қараған адамға оларды біреу басқарып отырғандай әсер қалдырады. Айтпақшы, премьер-министрдің онлайн-конференциясында № 9- шы мектеп-лицейдің орысша оқыта беретіні туралы ақпарат жазылыпты. Алайда, үкіметбасының мұндай тапсырма беруі мүмкін емес.  Өйткені соттың ісіне премьер-министрдің де араласуға қақы жоқ. Кәрім Мәсімовты біреу әдейі адастырған сияқты..Әзірге сот жүріп жатыр әлі. Ал бұған дейін бәріне төзіп келген қазақтардың қазір шыдамы шегіне жеткен. Шыныменде туған қалаларындағы «орыс» мектептері жартылай бос тұрса, «қазақ» балалары неге коридорда оқуы керек? Әлде Қазақстанда қазақтарды екінші орынға ығыстыратын арнайы автономды облыстар бар ма? Өктенде Байқоңырда болған жағдайдың жайы тағы белгілі.. Әлде Теміртаудағы   бастаманы біреулер кері мақсатқа пайдаланып, ұлтаралық жанжал тудыруға ұмтылып отыр ма?

Материалды ықшамдап дайындаған Жолымбет Мәкішев

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар