Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2449 0 пікір 24 Тамыз, 2011 сағат 07:08

Қазақстандық-ресейлік «Ирония любви» фильмі Болгариядағы кинофестивальдің конкурстық бағдарламасына енді

Алматы. 24тамыз. ҚазТАГ -Шәкен Айманов ат. «Қазақфильм» киностудиясы түсірген режиссерлар Ержан Рүстембеков пен Александр Черняевтың «Ирония любви» фильмі Болгариядағы «Любовь - это сумасшествие» XIX халықаралық кинофестивалінің конкурстық бағдарламасына өтті, деп хабарлайды киностудия.

Еске сала кетейік, фильм жолы болмай жүрген ботаник Иванды (ресейлік актер Алексей Чадов) өзіне ғашық етпек болған дәулетті отбасынан шыққан Әсел туралы баяндайды.

Алғашқы кинофестиваль 1993 жылы өтті. «Любовь - это сумасшествие»формуласы - болгар киносының алғашқы жылдары түсірілген болгар режиссерының фильмінің атауы.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Варна фестивалінің аясында арнайы қазақстандық панорама ұйымдастырылады. «Қазақфильм» киностудиясында соңғы жылдары түсірілген фильмдер: Фархат Шәріповтың «Сказ о розовом зайце», Ақан Сатаевтың «Ликвидатор», Қанағат Мұстафиннің «Рывок», Қуат Ахметовтың «Сіз кімсіз, К мырза?», Сәбит Құрманбековтың «Секер» фильмдері көрсетіледі», - делінген ақпаратта.

Кинофестиваль Болгарияның Варна қаласында 26 тамыз бен 1 қырқүйек аралығында өтеді.

0 пікір

Үздік материалдар