Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3568 0 пікір 24 Тамыз, 2011 сағат 05:10

Виктор Сутягин. Доссор – «қара алтынның» қайнар көзі

Бүгінде Атырау облысын Қазақстанның мұнайлы астанасы деп жиі атайды. Өлкенің осылай аталуына толық негіз бар. Себебі, мұнай  Атырау жерінде мұнай осыдан жүз жылдан астам уақыт бұрын барланған еді. 1899 жылы Лиман компаниясы «Ембі - Каспий» қоғамының концессиясын өз иелігіне алып, Қарашұңғыл деген жерде алғашқы ұңғылау жұмыстарын жүргізді. 1899 жылдың қарашасында №7 ұңғыда небары 40 метр тереңдікте карст қуысының гипстелген жыныстарынан жеңіл мұнай бұрқағы алынды. Бұл оқиға Қазақстан жеріндегі көмірсутектік шикізат қорларын ашудың басы болып саналады. Аталған маңызды оқиғаның жүзжылдығы Қазақстанда 1999 жылы тойланды.

Бұдан кейін жаңа бұрғылау жұмыстары болды, бірақ өнеркәсіптік ауқымда. 1911 жылдың 29 сәуірінде Доссордағы №3 ұңғыда қарқынды мұнай бұрқағы алынды. Кейінірек бұл туралы тарихшылар «Ұңғы 30 сағат бойы бұрқақтады және 16 700 пұт мұнай берді», - деп жазады.

Бүгінде Атырау облысын Қазақстанның мұнайлы астанасы деп жиі атайды. Өлкенің осылай аталуына толық негіз бар. Себебі, мұнай  Атырау жерінде мұнай осыдан жүз жылдан астам уақыт бұрын барланған еді. 1899 жылы Лиман компаниясы «Ембі - Каспий» қоғамының концессиясын өз иелігіне алып, Қарашұңғыл деген жерде алғашқы ұңғылау жұмыстарын жүргізді. 1899 жылдың қарашасында №7 ұңғыда небары 40 метр тереңдікте карст қуысының гипстелген жыныстарынан жеңіл мұнай бұрқағы алынды. Бұл оқиға Қазақстан жеріндегі көмірсутектік шикізат қорларын ашудың басы болып саналады. Аталған маңызды оқиғаның жүзжылдығы Қазақстанда 1999 жылы тойланды.

Бұдан кейін жаңа бұрғылау жұмыстары болды, бірақ өнеркәсіптік ауқымда. 1911 жылдың 29 сәуірінде Доссордағы №3 ұңғыда қарқынды мұнай бұрқағы алынды. Кейінірек бұл туралы тарихшылар «Ұңғы 30 сағат бойы бұрқақтады және 16 700 пұт мұнай берді», - деп жазады.

Сол кезден бері жүз жыл өтті. Осы жылы Доссор өзінің мерейтойын тойлайды. Атырау облысында мерекеге дайындық басталып та кетті. «Ембімұнайгаз» ҚМГ БӨ өндірістік филиалының «Доссормұнайгаз» мұнай-газ басқармасында және Доссор ауылында өтетін негізгі шаралар қыркүйектің басына белгіленген. Сондықтан біз кен орнының даңқты тарихы, қалыптасуының негізгі кезеңдері, оның мұнай өндіруге қосқан ауқымды үлесі және Доссордың бүгіні мен болашағы жайында сыр шертуге тырысатын материалдар циклін жариялауды бастаймыз.

Алайда мұнайлы Ембінің хронологиясын қалпына келтірмес бұрын, Қарашұңғылдағы оқиғаға оралғымыз келеді. «Мұнайлы Ембі» атты кітабында елімізге есімі белгілі Мақаш Балғымбаев: «Қарашұңғылдағы мұнай бұрқағы жайындағы жаңалық үлкен дүбір  тудырып, Ресейдің орталығына дейін жетті. «Новое время» газеті осы жайлы сенсациялық мақала жариялады» деп жазды.

Қарашұңғылдан мұнай алу - барлауды жалғастыруға ұйытқы болды. Заманауи техника мен сейсмикалық барлау жасау мүмкіндігі болмаған сол жылдарда алғашқы мұнайшылар жергілікті халықтан алынған мәліметтерді пайдаланған. Себебі мұнай мен оның табиғи туындыларының мазутталған және битумдық құм түрінде жер бетінде пайда болуы тұрғылықты халыққа ежелден белгілі еді. Бұны Атырау жеріндегі бұрынғы жер атаулары: шатқалдар мен төбелер, бұлақтар,  мен құдықтар дәлелдейді: «Майтөбе» - майлы төбе», «Қараарна» - қара арна , «Майкөмген» - май көмілген жер, «Қарашұңғыл» - қара шұңғыл жер, «Жақсымай» - жақсы май, «Қарамай» - қара май, «Қаратоң» - қара тоң топырақ, «Мұнайлы» - мұнайлы жер. Бұл атаулардың көп бөлігі бүгінге дейін сақталған. Ең қызығы, олар әлі мұнай табылмаған жерлерде де кездеседі. Мүмкін, дұрыс іздемеген болармыз? Жылнамалар мен ежелгі кітаптарда саяхатшылар Қытай мен  Үндістаннан кіре тартып шыққан саудагерлер  Жібек жолының бойымен жүріп отырып   Сарайшық қаласына тоқтап   Зайсан шұңқырындағы Қарамай шатқалында жинақталған қара майды арбаларының дөңгелектерін майлауға пайдаланғандығы туралы айтылады. Алтын Орда мемлекетінің астанасы болған Сарайшық шаһарының жұрты Жайық бойында, қазіргі Атырау қаласына жақын маңда жатыр.

Доссорға оралайық. Сонымен мұнай алу жұмыстары Лиман компаниясы тереңдігі 21 метрге дейінгі 13 ұңғы бұрғылаған Қаратоң кен орнында басталды. Су құдығының тереңдігіне пара-пар келетін ұңғылардың тереңдіктерінің осынша таяз болуына қарамастан, оның әрқайсысы тәулігіне 200 килограмм мұнайға дейін беріп отырды. Бұрғылау дәрежелеп өсіп, Доссорға дейін жетті, онда тереңдіктері 160-тан 192 метрге дейінгі үш ұңғы бұрғыланды. Ұңғының екеуінде мұнайлы құм кездесті. Алайда бұл Лиманды қызықтырмады. Кәсіпкердің ақшасы таусылып бара жатқандықтан, өткен ғасырдың басында ол барлық жұмыстарды, сонымен қатар Доссорды да тоқтатуға мәжбүр болды. Дегенмен, Лиман ол жерлерде үлкен мұнай көзінің барына сенген еді және қосымша қаржы іздестіруді жалғастыра берді.

Доссор тарихы 1911 жылдан ертерек басталуы да мүмкін еді, бірақ бұған белгілі себептер жол бермеді. Баку және Грозный қалаларының мұнайшы кәсіпкерлері өз монополияларына қауіп төнгендігін сезіп, қазақ жерінде жұмыстардың жалғасуына барынша кедергі келтіріп отырды. Алайда 1908 жылға қарай Лиман Қаратоң мен Доссордағы іздеу жұмыстарының жалғасуын қалаған Стахеев көпестің қолдауына ие болды. Бірақ бұл жұмыстардан айтарлықтай нәтиже шықпады. Бұл - Лиман ағылшындармен Орал-Каспий мұнай қоғамын құрған 1909 жылға дейін жалғасты. Осы бірлестік атақты Доссорымыздың алғашқы ашушысы ретінде тарихқа енді.

Қаражаты пайда болған Орал-Каспий қоғамы 1911 жылы бірнеше ауданда, сонымен қатар Доссорда терең бұрғылауды бастады. Мақаш Балғымбаев өз кітабында ең маңызды ашылуды былайша сипаттайды: «Міне, күтпеген жағдай орын алды: бұрқақтан ұшып кеткен тастың тарталды барабан шкифіне соғылуынан туындаған ұшқыннан өрт шықты. Ол ұңғының құммен тығындалуының нәтижесінде ғана бірнеше күннен кейін тоқтады. Бұрқақ қатты болды: ол мұнайдың 0.866 үлестік салмағында 16700 тонна берді».

Қазақ жерінен атқыған ауқымды бұрқақ жайындағы хабар бүкіл әлемге тарады. Әрине, бұдан кейінгі жылдары барлау жұмыстары аймақтың өзге аудандарында да жүргізілді, бірақ негізгілері дәл осы жерлерде шоғырланды. Себебі бұндағы мұнай жер бетіне жақын орналасты.

Кен орнын игеру хронологиясын да шолуға болады. Егер 1911 жылдың соңына таман Доссорда шикізатты бұрқақпен өндіретін бір ғана бұрғылау қондырғысы тұрған болса, бір жылдан кейін аудандағы қолданыстағы ұңғының саны 6-ға жетті. Тағы 5-еуі бұрғылау барысында болатын, ал 10-ы бұрғылауға дайындық үстінде еді. Бұл тек ірі ұңғылардың ғана саны, бұған қоса ұсақтары да болды.

Бүгінде мұнайшыларды оқытатын барлық оқулықтарда қолданыстағы алты ұңғының «Ембі» компаниясына тиесілі тек №1 ұңғысы ғана сумен араласқан мұнай беретін делінеді. Доссор бастау алған әйгілі №3 ұңғы тәулігіне 656 тонна мұнай беретін. Басқа ұңғылар туралы олардан мұнай өндірілді деуге келмес еді, себебі «қара алтынды» №3 ұңғыдан азырақ беретін олардың барлығы бұрқақтық болғанына қарамастан, күніне 52 тонна мұнай өндіретін.

Ауқымды бұрғылаумен қатар Доссорда және оның айналасында бүгінгі күннің тілімен айтқанда инфрақұрылымдық нысандар құрылысы жүргізілді.

Дайындаған Виктор Сутягин

(Жалғасы бар)

0 пікір

Үздік материалдар