Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
46 - сөз 5014 11 пікір 27 Қараша, 2019 сағат 13:01

Адам ақшаны көп тапқаннан байымайды

Ғұламалардан ғибрат боп жеткен мынадай құлақ сүйсінерлік сөз бар: "Жақсы сұрақ қою - танымның жартысы, адамдармен жақсы мәміледе болу - ақылдың жартысы, ақшаны қысып ұстау - байлықтың жартысы".

Қаржылық сауаттылық - қолдағы ақшаны ұстай білу өнерінен басталады. Ол да - Өнер (парсыша - Һүнер -білім). Әдетте адамдар қолына еңбекпен, михнатпен келген қаржыны ойсыз жұмсап жіберіп: "Ақша деген - су ғой " деп өз білімсіздігін ақтап отырғанын талай көрдік.

Ағылшындар: " A fool and his money are soon parted" - ақымақ ақшасымен тез қоштасады - дейді. Біз бұл ағылшын мақалын былай деп қазақшаладық: "Ақылы жоқтың - қалтасы тесік".

Қазіргі қаржы саласының білгірлерінің айтуы бойынша, адам ақшаны көп тапқаннан байымайды, қолдағы қаржыны сақтай білуімен байиды.
Қазақтың экономикалық (үнемшілдік) санасының өлшемдері Абайдың "Қуанбаңдар жастыққа" деп басталатын өлеңінде анық көрінеді:

"... Адалдан тапқан тиынды
Сал да сақта қапшыққа.
Қолдағыңды қорғап бақ,
Мал арзан деп аптықпа.
Сыпайы жүр де, шаруа ойла,
Даңғойланып қақтықпа...".

Ал, Сіз қиындықпен, маңдай термен келген тиынды теңге ете аласыз ба, Ағайын?!

Омар Жәлелұлының әлеуметтік желідегі парақшасынан

Abai.kz

11 пікір