Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2814 0 пікір 23 Тамыз, 2011 сағат 10:32

Орыстар, ояныңдар!

ҚР Бас прокуратурасының,

ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің,

ҚР Сыртқы істер министрлігінің

Назарына!

 

Орыстар, ояныңдар!

 

Қазақстанды мекендейтін орыс қауымына арналған http://www.russianskz.info сайты «Қазақстандағы Ресейлік отандастарға! Орыстар, ояныңдар!» деген тақырыппен ресейлік әлеуметтанушы Максим Акимовтің мақаласын жариялапты.

ҚР Бас прокуратурасының,

ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің,

ҚР Сыртқы істер министрлігінің

Назарына!

 

Орыстар, ояныңдар!

 

Қазақстанды мекендейтін орыс қауымына арналған http://www.russianskz.info сайты «Қазақстандағы Ресейлік отандастарға! Орыстар, ояныңдар!» деген тақырыппен ресейлік әлеуметтанушы Максим Акимовтің мақаласын жариялапты.

Аталған мақаласында Акимов Қазақстандағы «Лад» славян қозғалысының белсенділеріне жалынды сәлем жолдап, үшбу хат жазыпты. Мақала-хатында  автор қазақ халқы Қазақстандағы мемлекет құрушы ұлт емес, керісінше, «қонарын сай, ұшарын жел білетін», көшіп-қонып жүрген қырғыз-қайсақ аталатын көшпелі тайпа ғана. Ал, Қазақстан мемлекетінің түп иесі осы жерге өркениетті әкеліп, қалалар мен ауылдарды салып, отырықшылықты қалыптастырған ұлы орыс халқы екенін баса айтып, еліміздің Тәуелсіздігін, мемлекеттілігін, тарихын, мәдениетін, ұлттық территориясын, мемлекеттік шекарасын жоққа шығарады. Және қазақ деген халықты ұлт ретінде саналы түрде қорлай сөйлейді.

Сөзімізге дәйек болсын, Максим Акимов дейтін ресейлік әлеуметтанушы Қазақстандағы орыс бауырларына былай дейді: « Бұл далада әртүрлі көшпелі халық үлкен территорияда көшіп-қонып жүрді. Оларда қазіргідей мемлекет болмаған тіпті шекараның не екенін де білмеді.

...  Ресейге қосылғанға дейін бұл далада мемлекет деп айтуға болатын немесе қазіргі мемлекеттілікке ұқсас дүние болды деу - барып тұрған өтірік.

...Қазақстан территориясында тек қазақ жүздері ғана емес, ұйғырлар мен қалмақтар да көшіп-қонып жүрді. Ендеше, қазақтар неге ұйғыр немесе қалмақ тілін үйретпейді?»

Бұл тек аталған сайтта жарық көрген мақала-хаттың үзіндісі ғана. (толық нұсқасын мына жерден көруге болады: http://www.russianskz.info/compatriot/2115-k-rossiyskim-sootechestvennikam-v-kazahstane-russkie-ochnites.html)

Бұған дейін де ұлтаралық татулыққа сына қағып, мемлекет құрушы қазақ халқын кемсітіп, қорлайтын жарияланымдарды жарыққа шығарып келген http://www.russianskz.info сайты және аталған мақала авторы, сондай-ақ, «Лад» славян қозғалысы Ата заңда көрсетілген баптар бойынша жауапкершілікке тартылуы тиіс!

Байланыс және ақпарат министрлігі http://www.russianskz.info сайтына Ата заңның 20-бабының, 3-нші тармағына сәйкес ақпарат құралы ретінде жаза қолдануы шарт деп білеміз.

Ал, Сыртқы істер министрлігі ресейлік Максим Акимовтің заң алдында жауап беруін талап етуге міндетті деп ойлаймыз.

Мемлекеттік билікті жүзеге асыруға тиіс мемлекеттік орындар Тәуелсіздіктің 20 жылдығын атап өткелі отырған мемлекетімізге және оның халқы - қазаққа тіл тигізіп, қорлаған азаматтарға және http://www.russianskz.info сайтына нақты шара қолданады әрі 30-ншы тамыз Конституция күніне орай, Ата заңымыздың әрқашанда мемлекет пен азаматтардың қорғаны екенін  дәлелдеп, паш етеді деген үміттеміз.

P.S.

20-бап

3. Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгiттеуге жол берiлмейдi.

39-бап

2. Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады.

(Қазақстан Республикасының Конституциясы)

«Абай-ақпарат»

0 пікір