Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2687 0 пікір 23 Тамыз, 2011 сағат 10:12

Сара Алпысқызының білім беру гранттарына 72 талапкер ие болды

24 тамыз күні сағат 17.00 де «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығында Сара Алпысқызының білім гранттарын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтеді.

2011 жылы 17 мамырда жарияланған ҚР жоғары оқу орындарында, техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде оқуға Сара Алпысқызының білім грантын тағайындау туралы ережеге сәйкес байқау жеңімпаздары анықталды. Аталмыш іс-шара алғашқы рет ұйымдастырылды. Республика бойынша 72 талапкер білім гранттарының иегері атанды.

Сара Алпысқызының білім гранттары жетім балаларға, әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға, асыраушысынан айырылып, ата-анасының бірінің қамқорында қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында тағайындалған болатын.

Байқаудың бірінші кезеңі 2011 жылдың 15 маусым - 20 шілде аралығында облыс орталықтарында, екінші кезеңі 15-17 тамыз аралығында «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығында өткізілді.

Байқаудың екінші кезеңіне республика бойынша барлығы 97 бала қатысып, 72-сі ЖОО-да, техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінде білім алуға мүмкіндік алды, соның 53-і жоғары оқу орындарында, 19-ы колледжде.

Грант иегерлерінің тізімі ресми басылымдарда жарияланды.

Білім гранттарын салтанатты түрде табыстау рәсіміне Еліміздің бірінші ханымы, «Бөбек» қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы және ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов қатысады деп жоспарлануда.

Табыстау рәсімінің концерттік бағдарламасы аясында отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, байқау жеңімпаздарының құрметіне мерекелік отшашу беріледі.

Мекен-жайымыз: Алматы қ., «Дарын-1» ықшам-ауданы, 47 үй (Асқаров көшесінің бойында орналасқан). «Бөбек» ұлттық орталығының №2 гимназиясы.

299-54-32 (153)

0 пікір