Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2425 0 пікір 23 Тамыз, 2011 сағат 07:09

Депутаттың бетіне түкірген журналист халық қалаулысын жекпе-жекке шақырды

Алматы. 23 тамыз. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. Парламент мәжілісінің депутаты Тәңірберген Бердоңғаровтың бетіне түкірген журналист Рафаэль Балгин екі арада шыққан дауды бокс жекпе-жегімен шешуді ұсынды.

«Екеуміздің салмақ дәрежеміз бірдей, 90 килограмнан асады. Өзім ешқашан бокспен айналысқан емеспін, бірақ Бердоңғаровпен шаршы алаңға әділ жекпе-жекке қуана шығамын. Егер ол азамат болса, менің үндеуімді қабыл алсын», - деді Р. Балгин сейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Журналистің айтуынша, дауды осылай шешу екі жақтың ешқайсысы өзін кінәлі деп мойындамағанда, шындықты куәгерлердің көмегімен анықтау мүмкін болмағанда сот тәжірибесінде бірнеше рет қолданылған.

Р. Балгин қақтығысты шешудің тағы бір жолы ретінде Т.Бердоңғаров пен Ю.Логунованың 2003 жылғы оқиғалар үшін кешірім сұрағанын ұсынып отыр.

Еске сала кетейік, 4 шілдеде Р. Балгин Т. Бердоңғаровты Алматыда кездестіріп, өткені есіне түсіп, оның бетіне түкірген. Ол бұған екеуінің арасында 2003 жылы болған қақтығыс себеп болғанын түсіндірді. Журналистің айтуынша, ол кезде жоғарғы оқу орнының оқытушысы болған Р. Балгин студент Ю. Логунованың тәртіп бұзғаны туралы рапорт жазған соң Т.Бердоңғаров өзінің қызмет бабын пайдаланып, оны қорқытқан.

Мәжіліс депутаты 7 шілдеде полицияға ҚР парламенті депутатының ар-намысына нұқсан келтірді деген арыз жазды. Қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр.

0 пікір