Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3621 0 пікір 22 Тамыз, 2011 сағат 07:16

Ақтан Төкіш. Мәңгүртстан (роман)

МӘҢГҮРТСТАН

Роман-антиутопия


Әкемнің әруағына арнаймын

Мен  -  бостандықтамын!  Мен үйге ораламын! Бұл күннің туғанына сенер емеспін. Сотталған мерзімімді (14 жыл) толық өтеп шығуға, оған қосылған 9 жылға қалай шыдадым екенмін? Қосымша жылдарды сырттан хабар, ақпарат алуға тырысқаның үшін қосып берді. Сүйтіп, үш хат алғаным үшін 9 жыл қосып алдым, содан кейін туыстарым да маған хат жазуды тоқтатып, әйтеуір бір күні босанар деген үмітін үзбеді. Бұл жалғыз менің басыма түскен жағдай емес-ті, көпшілігі 6-9 жылдан, тіпті 15 жылға дейін қосып алғандар бар. «Үш хат алғаным үшін 9 жыл қосып алдым» деп отырмын ғой, бірақ шын мәнінде ол хаттар қолыма тиген жоқ, оларды айғақ  ретінде көрсетеді, яғни кімнің қолымен жазылғанын көрсетумен шектеледі.

МӘҢГҮРТСТАН

Роман-антиутопия


Әкемнің әруағына арнаймын

Мен  -  бостандықтамын!  Мен үйге ораламын! Бұл күннің туғанына сенер емеспін. Сотталған мерзімімді (14 жыл) толық өтеп шығуға, оған қосылған 9 жылға қалай шыдадым екенмін? Қосымша жылдарды сырттан хабар, ақпарат алуға тырысқаның үшін қосып берді. Сүйтіп, үш хат алғаным үшін 9 жыл қосып алдым, содан кейін туыстарым да маған хат жазуды тоқтатып, әйтеуір бір күні босанар деген үмітін үзбеді. Бұл жалғыз менің басыма түскен жағдай емес-ті, көпшілігі 6-9 жылдан, тіпті 15 жылға дейін қосып алғандар бар. «Үш хат алғаным үшін 9 жыл қосып алдым» деп отырмын ғой, бірақ шын мәнінде ол хаттар қолыма тиген жоқ, оларды айғақ  ретінде көрсетеді, яғни кімнің қолымен жазылғанын көрсетумен шектеледі.

Хат-хабар үшін берілетін жазаның соншалықты ауыр екенін жақсы түсінеміз. Бірақ, келген хат-хабардың құны біз үшін қаншалықты қымбат екенін білсеңші. Оларды оқи алмай тартқан жан азабы мен тән азарын айтсаңшы. Келген хатта не жазылды екен деген ой еске түскенде жүрегім дүрсілдеп, қолым қалтырап, тәбетім қашады. Құдды таңертең басын жаза алмаған алқаштың немесе темекі құмар адамды үш күн бойы темекі шеккізбей сосын сигаретті көрсетіп, бірақ қолына бермеген адамдайсың. Дәл сондай жағдайға түскендейсің. Бәрінен де жан азары жаман екен. Бұл жерде біздің сыртқы әлеммен еш байланысымыз жоқ. Кітап оқымаймыз (ол үшін 6 ай қосылады), газет оқысаң 1 жыл, ұялы телефон үшін 5 жыл қосылады. Интернет жайлы қиялдап та қажеті жоқ, тіпті конвойлармен де сөйлестірмейді. Бізді  түрмеге отырғызғандардың мақсаты  -  сыртқы әлемнен хат-хабар  алдырмау ғана емес, бізді біржолата сыртқы әлемнен бөліп тастау. Конвойлармен қарым-қатынастарымыздың түрі  -  олардың бұйрығын естіп отыру, біз жағынан оларға есеп беріп тұру. Одан артық қатынасқа олардың өздері де қорқады, түрмеге түсіп қалуы мүмкін. Біз болсақ жыл қосып аламыз ба деп қорқамыз, оған тырыспаймыз да  -  көз алмай отырған бақылау, камералық және сексоттық (сексот  -  секретный сотрудник деген мағынаны білдіреді. Ауд.) аппаратура тағы бар. Біздің сыртқы әлемнен оқшау өмір сүруге бейімделгендігіміздің тағы бір белгісі  -  біз толық өзді-өзін қамтамасыз ететін колониямыз.

Бұл жерде айта кетуге тиістімін, әйтсе де кейбір жаңалықтар бізге жетіп тұрады, бірақ олар бір сарынды хабарлар  -  отбасы мүшелерінің өлімі жайлы. Әрине, мұндай хабарды кім жақсы көрсін. Хат алғаның үшін жыл қосып алсаң, туғандарыңның өлімін естігеннен кейінгі  күндер мен айлар көңіліңді құлазытады, өз өмірің мен туғандарыңның амандығын уайымдатқаннан басқа ештеңе қалмайды. Осы түрменің себебі болған уақытты, сағатты еске түсіріп, егер сол 12-і жылы осы жағдайға тап болмағанымда өмірім қаншалықты басқаша болған болар еді деген ой қайта-қайта оралады. Осыдан 7 жыл бұрын ағамның өлгенін, одан екі жыл өткенде әйелімнің қайтыс болғаны жайлы хабар алдым. Ол хабарларды туысқандарымнан емес (олар жыл қосып алады деп қорқып хабарламайды), биліктен естігендіктен, жаман хабарлардың мән-жайынан мақұрыммын. Ағылшынның «жаңалықтың жоқ болғанының өзі  -  жақсы жаңалық» деген мақалының шын мағынасына енді түсінгендеймін. Сырттан хабар келмеуін тілейтін болдық.

Біз жылдар бойы тек өзара байланыс пен қатынаста болдық. Жалпы санымыз мыңға жуықпыз. Елімізде біздің колония сияқты қанша ер, әйелдер мекемелері бар екен, ол жағын білмедік.

Алғашқы кездерде біздің мұндай «өміріміз» ұзақ бола қоймас деген үмітте жүрдік. Біріміз,  бұған әлемдік қауым араласар деген ойда болсақ, екіншілеріміз  -  халық бізді босатуға күш салар деген үмітпен жүрдік. Ең сары уайымшылар жағы  -  бұл екі арманның екеуі де болмайды дегенді айтатын. Әлемдік қауым өзіне тиісті үлестерін алып жатқан болса, халық жағы бұрынғы әдетінше дүниеде не болып, не қойып жатқанынан хабарсыз жатты.

Алғашқы жылдары біздің өзара әңгімеміз бен пікір таласымыз, сол кезде  Икс уақытында нені дұрыс, нені бұрыс жасадық, нені жасамадық төңірегінде болды. Бұл тақырып жан күйзелтетін, жан жарасын тырнайтын әңгімелер еді. Қандай қадам жасағанымызда дұрыс болған болар еді деген жүздеген баламалы варианттарды ой сарабынан өткіздік. Бірте-бірте бұл әңгіме төзім мен үмітімізді шаршатып, әбден сарқылып таусылдық, тағдырға көндік. Бұл өмірімізді өзгертетін жағдай немесе мүмкіндік туып қалады-ау деген қиялды да миымыздан қашыра бастадық. Себебі мұндай орындалмас қиял адамды есі мен ақылынан айырып тастауы мүмкін.

Ендігі ең басты мақсат  -  аман қалып, елге оралу. Иә, аман қалып, елге оралу. Қайда, қандай елге, қай уақытта, қандай халыққа  -  оны ойлаудың өзі қорқынышты. Футурологиямен яғни болашақты болжаумен ешқайсымыз айналыспаймыз, ал әлемде не болып жатыр деген нәрседен түгелдей аулақпыз.

Ешқандай газет, журнал, кітап оқу мүмкіндігіміз болмағандықтан бір-бірімізге бұрын оқығандарымызды айтатын болдық. Бір жақсы жері  -  арамызда оқыған сауатты білімдарлар көп болды: гуманитарлық, техникалық білім алғандар, дәрігерлер. Олар өздері  білетін білім салаларымен бөлісетін. Мен солар айтып берген классикалық әдебиет шығармаларының көпшілігін білемін. Өзімнің аздап ағылшын және неміс тілін білетіндігім бар болатын. «Жер аударылудағы» 23 жылымда бұрынғы заңгерлік біліміме сырттай және шартты түрде тағы екі мамандықты «қосып» алдым  -  «Азаматтық құрылыс» пен «Қазақ  тілі мен әдебиетінің» мұғалімі. Өкінішті жағы, енді оларды бостандыққа шықсам да пайдалана алмаймын. Жасым 64-е.

Бұл жерде өткізген жылдарда біз уақыттан тыс өмір сүріп, уақыттың тұтқыны болдық. Өміріміз өзгермесе де қартаюдан құтылған жоқпыз. «Жер аударылған» кездегі ең жасымыздың өзі бүгін 45-е келсе, көпшілігі  -  60-80 жасты қаусарды.

Колонияда  25 жыл шамасында отырғандарының 70-н аса бастағандары өле бастады. Соңғы 10 жылда олардың 197-і өлді. Бұлар біздің колонияның бестен бірін құрайды. 32-ншіі жылы бізге «жер аударылғандардың» 100-е жуық жаңа партиясы қосылды. Олардан білгеніміз, олар тұрған колонияның адамдарының көпшілігі өлгендіктен (шалдар болғандықтан) колонияны таратып жіберіпті. Қалғандарын (саны 600-дей, жас шамалары 50 мен 65 арасында) басқа колонияларға бөліп-бөліп жіберіпті. Басқа колонияларға ауыстыру жұмыстары түн мезгілінде ғана жасалғандықтан олар қайда апаратынын білмеген, тіпті ешқандай қаланың түнгі оттарын да көрмепті. Осыдан пайымдап байқағанымыз, біздің колония сияқты орындар маңымызда бес-алтау сияқты. Сан шамасын да есептеп көргенімізде, жер аударылғандардың саны алты мыңға жетеді. Сонда елімізде  біз сияқты қанша адам колонияларда отыр? Қаншамыз босану мерзіміне аман-есен жетеміз? «Жер  аударылудың»  шекті мерзімінің 30 жыл екенін ескерсек, соңғы түскендер тек 2042 жылы ғана бостандыққа шыға алады. Босанған кезде олардың жасы 55-60 шамасында болады. Осындай жасқа келіп жаңа өмір бастауға бола ма?

Жалғасы бар

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2094
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2513
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2180
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1617