Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2657 0 пікір 22 Тамыз, 2011 сағат 07:13

БАСПАСӨЗ БАЯНЫ. XI СПАРТАКИАДАНЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ

Бүгін Алматыдағы Орталық стадионда «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының XI Спартакиадасы жалауын көтереді. Отандық атомшылардың спорт мерекесіне кең байтақ Қазақстанның түрлі аймақтарынан, атап айтқанда Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарынан келген уран саласының 700-ге жуық қызметкері қатысады. Олар ұлттық атом компаниясының құрылымдық бөлімшелерінен, бірлескен және еншілес кәсіпорындарынан құралған 22 команда сапында сайысқа түседі.

Спортты серік еткен атомшылар алдағы 5 күн бойы мини-футбол, волейбол, стол үсті теннисі, бадминтон, шахмат және жеңіл атлетика сияқты спорттың бұқаралық түрлерінен өз араларындағы мықтыларды анықтайтын болады. XI Спартакиада 26 тамыз күні сол топжарған жүйріктер мен жеңімпаздарды марапаттау салтанатымен аяқталады.

Спартакиада бүгінде 23 мыңнан астам адам еңбек ететін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның маңызды корпоративті іс-шарасы ретінде жыл сайын өткізіліп тұрады. Спорт сайыстары Қазатомөнеркәсіп қызметкерлерінің салауатты да белсенді өмір салтын ұстанатындықтарын көрсетумен қатар, қоғамда бұқаралық спорт идеяларын насихаттаудағы ұлттық компанияның үлесін еселей түседі. Сол сияқты, Спартакиада орналасқан жері мен атқаратын қызметіне қарамастан кәсіпорын қызметкерлері арасындағы өзара достық қарым-қатынасты қалыптастыруға және корпоративті мәдениетті нығайтуға қызмет ететін болады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ - Қазақстанның уран және оның қосындыларын, сирек металдар, атом электр стансаларына арналған ядролық отын, арнайы құрал-жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдар экспортымен айналысатын ұлттық оператор. Компания қызметінің басты бағыттары геологиялық барлау, уран өндірісі, ядролық отын циклы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС құрылысы, конструкциялық материалдар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, әлеуметтік қамту және мамандар дайындау болып табылады. Бүгінгі таңда компанияда 23 000-нан астам адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің жетекші уран өндіруші компанияларының көшін бастап келеді.

www.kazatomprom.kz

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ

Қоғаммен байланыс бөлімі

+7 /727/ 244 62 54

pr@kazatomprom.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2101
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2514
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2197
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1622