Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
2782 7 пікір 19 Қараша, 2019 сағат 12:56

Лукашенко президент сайлауына түсетінен мәлімдеді

Беларусь басшысы Александр Лукашенко алдағы президент сайлауына түсетінін мәлімдеді.

"Менің бұл орынға жармасып қалмаймын. Бұл сайлауға өзімді ұсынамын, бірақ сендердің бұған қарсы екендеріңді сезсем, уайымдайтыным анық, дегенмен сендер менен сайлауда бас тартуларың керек" деді ол.

Лукашенко кезекті президент сайлауы 2020 жылы жазда өтетінін жариялады. Ол Конституцияға өзгеріс енгізілетінін айтты, бірақ президент сайлауы өткенше күте тұруға уәде берді.​

"Президент сайлауына дейін Конституцияны өзгертеміз деп айту ақымақтық болар еді. Бұл жұмысты бастауға уәде беремін. Оны Конституциялық соттағы мықты мамандарға тапсырамын" деді ​Лукашенко.

Александр Лукашенко 25 жыл ел басқарып келеді. 1994 жылы ол республика тарихындағы алғашқы президент атанды. Лукашенко ұзақ уақыт билік басында қалуы үшін Конституцияны бірнеше мәрте өзгертті. ЕҚЫҰ мен ЕО елдері бірнеше сайлауды легитимді деп танымады, ал Лукашенконы әлемде "Еуропаның соңғы диктаторы" деп жиі атайды.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1502
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1354
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1101
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1141