Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
2997 0 пікір 18 Қараша, 2019 сағат 12:20

Қазақстанда жыл сайын 38,71 миллиард теңгені инфекциялық емес ауруларды азайтуға жұмсауға болады

«Аман-саулық» ҚҚ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы ЖЕА (жұқпалы емес ауруларының) қауіп факторларын төмендету бойынша жұмыс тобы сарапшыларының жүргізген инфекциялық емес аурулардан келген экономикалық залалды зерттеу нәтижелерін талқылауға арналған іс-шара өткізді.

Іс-шара аясында «Аман-саулық» ҚҚ президенті Бақыт Түменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Айгүл Соловьева және ҚР Үкіметі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның сараптамалық тобы жетекшісінің орынбасары Гүлнар Құрбанбаева  қазақстандағы ЖЕА байланысты экономикалық шығынды бағалау мақсатында жүргізілген зерттеу нәтижелерін ұсынды.

Зерттеу Қазақстанда 2018 жылы қабылданған инфекциялық емес аурулар көздерінен зиянды азайту тұжырымдамасының қолданбалы бөлігі болып табылады. ЖЕА негізгі көздері болып алкоголь, темекі шегу, тамақтану, физикалық инерттілік, нашақорлық және репродуктивті денсаулық анықталған.

«Қазақстанда инфекциялық емес аурулар өлім-жітімнің 98,9% себебі болып табылады, ал жұқпалы аурулардан болатын өлім-жітім үлесі небәрі 1,05% құрайды. Әлемнің кез-келген басқа мемлекеттеріндегі сияқты, Қазақстан Үкіметі инфекциялық емес ауруларға қарсы күрес бойынша шаралар қабылдауда. Денсаулық сақтау бюджетінің шамамен 11% - ы инфекциялық емес аурулар санатына жататын ауруларды емдеуге жұмсалады.  Тұжырымдама тұтынушыларға қоғаммен бірігіп, зиянды азайтуға, өмір сүру сапасын жақсартып деннің саулығын сақтауға бағытталған шығынды азайтуға қабілетті.», - деп атап өтті Гүлнар Құрбанбаева.

2019-2030 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасында 4 негізгі дереккөзге қатысты инфекциялық емес аурулардан (ЖЕА) келетін зиянды азайту тұжырымдамасын іске асырудан болатын жалпы экономикалық тиімділік: жыл сайын 387,1 млрд.теңгені немесе 38,71 млрд. теңгені құрайды.

Дұрыс тамақтанбау- бүкіл әлемдегі аурулардың пайда болатын маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Құрамында қаныққан майлар мен энергияны көп қажет ететін тамақ өнімдері бар тамақтану рационы семіздіктің, қатерлі ісіктің және жүрек-қантамыр ауруларының себепшісі болып келеді. 2018 жылдың мәліметтері бойынша Қазақстанда тамақтану проблемаларына байланысты 25 000 ерте өлім жағдайы тіркелген.

Әрине, дұрыс тамақтану саясатын құру, халықты дұрыс тамақтануға ауыстыру бойынша құралдарды әзірлеу, тұздар мен қантты, трансмайлар мен құрамында«синтезаторлар» көп өнімдерді тұтынуды азайту жөніндегі шараларды іске асыру мемлекеттің басты міндеті болып табылады.

Дұрыс тамақтанбаудан болған экономикалық шығындарды бағалау үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің өлім себептерінің статистикалық деректері, ашық көздерден алынған деректер, сондай-ақ дұрыс тамақтанбаудың жүрек, қан айналымы ауруларына, қатерлі ісіктерге, сондай-ақ диабетке әкеп соқтыратынын растайтын жекелеген зерттеулер пайдаланылды.

Дұрыс тамақтанбау факторларының өлім статистикасына үлесі зерттеуде 20%-ға бағаланады.Дұрыс тамақтанбаудан экономикалық шығындарды бағалау кезіндегі негізгі болжам дұрыс тамақтану зиянды елу пайызға қысқартуға себепші болуы мүмкін. Дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастырудан және тұтынушыларды неғұрлым дені сау азық-түлікке немесе одан аз тұтынушыларды зиянды тамақтардың баламасына ауыстырудан болатын жалпы экономикалық тиімділік 2019-2030 жылдар аралығында 218,7 млрд.теңгеге деин оңтайлы нәтиже әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты, дұрыс тамақтану бойынша жалпы ұсыныстар мыналар болып табылады: әртүрлі тамақты тұтыну; дене салмағын қалыпты ұстап тұру; қаныққан майлар мен холестериннің төмен тұтынылуы; рациондарда витаминдердің (көкөністер, жемістер, дәнді дақылдар) жеткілікті болуы; қант, тұз және натрий қабылдауды шектеу.

Темекіні пайдалану адам денсаулығына әкелетін қауіп-қатердің бірі болып табылады. Қазақстанда 2 478 544 темекі шегушілер бар. 2018 жылдың мәліметтері бойынша темекі шегу 20 900 адамның ерте қайтыс болуына себеп болды, олардың ішінде 16 533 ер және 4 367 әйел.

Темекі шегуге байланысты экономикалық шығындар темекі шегуге байланысты аурулар мен өлім-жітімдерден тікелей туындайтын шығындар шеңберінен шығады, олар шартты түрде мынадай санаттарға бөлінген:

1-Белсенді темекі шегушілерде және пассивті темекі шегуден зардап шегетіндерде темекі шегумен байланысты ауруларды емдеуге байланысты денсаулық сақтау шығындары;

2-жалақыны жоғалту, қызметкердің болмауы және еңбек өнімділігін төмендету;

3-мүгедектікке өтуге жоғалтқан уақыт бойынша бағаланатын мерзімінен бұрын өлім-жітімнің және мүгедектіктің монетизацияланған мәні;

4-темекі шегуге байланысты өрттен болған залал және өрттен кейін тазалау жұмыстарына байланысты шығындар сияқты басқа жанамалар.

Есептеулер 2019 жылдан 2030 жылға дейінгі кезеңде темекі шегушілерді темекінің балама түрлеріне жыл сайынғы ауыстыру 85,7 млрд.теңгені құрап, оң экономикалық тиімділікті көрсетпек. Темекі шегуге қарсы күрес мақсатындағы тұжырымдама дәстүрлі темекілердің барлық тұтынушыларын темекінің жану процесі жоқ никотинді жеткізудің балама түрлеріне және зиянды, канцерогендік компоненттердің едәуір аз мөлшеріне ауыстырып қосу бойынша тәсілді ұсынады.

«Көп жылдық тәжірибесі бар дәрігер ретінде мен шылым шегуге қарсымын, себебі бүгінгі күні темекі шегу бірқатар ауруларды тудырып өлімге әкеліп жатқандығы дәлелденді. Менің ойымша, бұл мәселемен күресу керек. Сауал басқада, қалай күресеміз? Шылым шегуден болатын зиянды азайтудың ең тиімді жолы одан түбегейлі бас тарту. Бірақ, темекі шегу мәселесі маскүнемдік пен нашақорлық сияқты тыйымдармен шешілмейді.  Менің ойымша, басқа да, зияны аз балама ұсыну қажет. Оның үстіне, нарық жаңа инновациялық өнімдерді ұсынады, онда жану процесі жоқ. Адамдар никотинге үйреніп, оған тәуелділікті сезінеді, ал негізгі зиян жану өнімдерінен яғни,дәстүрлі темекі шегуге ілесе жүретін үрдістен басталады. Никотинді жеткізудің инновациялық балама жүйесі дәстүрлі темекілермен салыстырғанда  95% - ға аз зиян келтіреді», - деп атап өтті Бақыт Түменова.

Алкоголизм - қоғамның әлеуметтік-экономикалық тіршілігін елеулі түрде бұзатын ауқымды әлеуметтік проблема. Сонымен қатар, алкогольды шамадан тыс пайдалану түрлі аурулардың үдеп өлім мен қылмыстың белең алуына әкеліп соқтырады.

Алкоголь өнімдерін пайдалану адамдардың алдын алуға болатын өлімнен бұрын болатын өлімге әкеп соғады және қылмыстың, зорлық-зомбылықтың, жетімдіктің өсуінен, денсаулығының нашарлауынан, мүгедектіктің өсуінен және өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларынан көрінетін қоғамның белгілі бір бөлігінің әлеуметтік тозуының негізгі факторларының бірі. Мас күйінде көптеген қылмыстар - кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, зорлау, бұзақылық, тонау, қарақшылық, автокөлікті айдап әкету сияқты қылмыстар жасалынады.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараты бойынша 2018 жылы алкоголь өнімін өткізу көлемі 2017 жылмен салыстырғанда 4% - ға артты (2017 жылы 467 256 761-ден 2018 жылы 486 585 797-ге дейін).):

- сыра 2% (2017 ж. 402 021 073-тен 2017 ж. 411 183 746-ге дейін 2018 ж.);

- арақ 7% (2017ж.);

- шарап 17% - ға (2017 ж. 22 383 068 - ден 2018 ж. 26 923 876-ға дейін);

- ликер-арақ 16% - ға (2017ж. );

- коньяк 23% - ға (2017 жылы 7 785 902-ден 2018 жылы 10 127 601-ге дейін).

Экономикалық залалды бағалау мен моделдеуді жүзеге асыру барысында, есепке алкогольді шектен тыс пайдалану, оның ішінде бауыр циррозы ауруларынан болатын өлім және алкогольден улану, сондай-ақ еңбек етуге қабілетсіз және уытты адамдарға жататын алкоголизммен ауыратын науқастардың жалпы санының 5% коэффициенті алынды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда жан басына шаққандағы таза алкогольді тұтыну жылына 7,7 литрді құрайды. Ерлер өлімі көрсеткіші 2016 деректер бойынша бауыр циррозынан 74% және алкоголь тұтынудан 34% құрады. Әйелдер үшін бұл көрсеткіштер тиісінше 45% және 31% .

Тұжырымдама алкогольді ішімдіктерді тұтыну мәдениетін өзгертуді және этил спиртінің аз мөлшері бар күшті ішімдіктерден әсері төмен ішімдіктерге көшуді қамтитын алкогольді тұтыну моделін пысықтауды ұсынады. Фискалдық саясатты қолданып, мысалы, ақпараттық-ағартушылық сипаттағы шаралармен күшті және әлсіз алкогольді ішімдіктерге акциз мөлшерін саралау орынды болмақ. Осындай алкоголь саясатын іске асыру 2019-2030 жылдар кезеңінде 25,9 млрд. теңге мөлшерінде таза экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Есірткіге тәуелділік мемлекет, қоғам және жалпы әлем үшін, жеке адамдар үшін зор ауыртпалық болып табылады. Опиоидты пайдалану салдарынан психикалық және мінез-құлықтық бұзылулары бар наркологиялық есепте тұрған адамдардың ең көп саны 11453, каннабиноидтарды 8483 құрайды. Есірткі заттарын біріктіріп тұтынушы (көп тәуелділік) 4618 адам. Ал Қазақстанда нашақордың орташа жасы 32 .

Экономикалық залалды бағалау үшін зерттеу авторларымен келесі шығын топтары ескерілді:

- өнімділіктің төмендеуі;

- өлім-жітім;

- есірткі қылмысымен күрес;

- Денсаулық сақтау шығындары;

- Мүгедектік бойынша әлеуметтік шығындар.

Есірткіге тәуелділік негізінен 15-тен 35 жасқа дейінгі жас топтарын қозғай отырып, жас ұрпаққа таралады, ал концентрация 18-25 жасқа жатқызылатын жас топтарына тиесілі. Есірткіге тәуелділік негізінен экономикалық белсенді адамдар санатына кіретін немесе сол санаттағы адамдарға әсер етеді.  Сонымен қатар, қоғамның әлеуметтік осал санатындағы есірткіге тәуелді адамдар қылмысқа барады немесе кезекті дозаны сатып алу мақсатында заңсыз әрекеттерге өздерін итермелейді.

Есептеу кезінде, зерттеу авторлары еңбекке қабілетті өмір күндерінің жоғалтуымен байланысты деректерге аса мән берді.

Тұжырымдамаға сәйкес, демеуші алмастыру терапиясы (ДАТ) есірткіні тұтынудың теріс салдарынан келетін зиянды төмендетудің халықаралық медициналық қоғамдастығы ұсынған құралы болып табылады. Есептеулер 2019-2030 жылдар аралығындағы кезеңде әдістемелік терапия бюджетке әлеуетті табыс түрінде 56,8 млрд. теңге мөлшерінде экономикалық үлес қосуға мүмкіндік беретінін көрсетеді.

Қазақстанда 2008 жылдан бастап сироп түріндегі «Метадон гидрохлорид» препараты қолданылады. Қазақстанда (ДАТ) опиоидты тәуелділікті емдеудің тиімді әдістерінің бірі ретінде қарастырылып, ол психоәлеуметтік кеңес беруді, жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді, кәсіби дағдыларды алуда, психологтың көмегін қамтиды. (ДАТ) ұсынумен нарколог дәрігерлерінен, психологтерден, әлеуметтік қызметкерлерден, медбикелерден тұратын мультидисциплинарлық командалар айналысады.  Қазіргі уақытта Қазақстанның 9 облысында және Алматы қаласында 13 демеуші алмастыру терапиясын ұсыну пункті жұмыс істейді.

Осылайша, есірткіге тәуелділердің метадондық терапиясы есірткіге тәуелді адамды қоғамға қайтару, жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру, қылмыстың алдын алу, сондай-ақ есірткіге тәуелді жанның өмір сүру салтын қалпына келтіру құралы болып табылады. Ашық қол жетімді деректер негізінде, әдебиет және зерттеулер шолуы осы зерттеу арқылы орын ауыстыратын метадон терапиясынан зиянды 33,3% - ға төмендетуге болады деген гипотеза келтіріледі.

Экономикалық залалды объективті бағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін көптеген факторлардың болуына, сондай-ақ деректерді стандарттау және экономикалық ысыраптардың базалық моделінің мақсаттарын әзірлеу үшін жоғары күрделілік дәрежесіне байланысты есептеулер аз қозғалмалы өмір салты және репродуктивті денсаулық сияқты ЖЕА көздеріне қатысты жүргізілмеген.

ЖЕА-ның әрбір көзі өзіндік ерекшелігіне, сипатына ие, осыған байланысты зерттеу авторлары әрбір ауру көзіне жеке экономикалық залалды моделдеу бойынша әдістеме әзірледі, алайда халықтың демографиясының, сырқаттанушылықтың, өлім-жітімнің статистикасы мен динамикасы, сондай-ақ жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімнің көрсеткіштері біріктіруші және базалық элементтер болып қала береді.

«Қорытынды жасай отырып, тұжырымдамада қарастырылған негізгі тәсіл- бұл мінез-құлықты түзету арқылы адамның өмір сүру салтына әсер ету, сондай-ақ зиянды затқа баламаны саналы таңдау үшін ақпарат ұсыну болмақ. Мұндай тәсіл индивидуумның ой- пікірін, орныққан мінез-құлық моделін қозғамай және индивидуумның өмір сүру салтына дөрекі араласуды жүзеге асырмай, ЖЕА даму тәуекелдерін төмендету бойынша ұсынылған шешімдерді қабылдауы тұрғысынан қисынды негізделген», - деп атап өтті Айгүл Соловьева.

Өмір сапасы мен оның ұзақтығы денсаулық жағдайына тікелей байланысты.  Деннің саулығы біздің не ішіп, не жейтімізге, ұстанған өмір салтына, сондай-ақ медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігіне байланысты.

Abai.kz

0 пікір