Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
46 - сөз 4282 6 пікір 4 Қараша, 2019 сағат 11:25

Халық жиі тұтынатын азық-түлік бағасы 30-100% қымбаттады

Ұнның бағасы екі есе өсті! Былтыр осы уақытта 4000 тг болған бір мөшек ұн қазір 8000 тг. үстінде! Ал біз наразылық танытпақ түгілі, "ойбай, тағы қымбаттайды деп жатыр, 12000 теңге болады екен, екі-үш мөшек алып алайық" деп жайбарақааааат жүрміз. Жалақымыздың бір тиынға да өспегенінде шаруамыз жоқ!

Өркениетті, азаматтық қоғамы дамыған елдерді айтпай-ақ қояйын, былтыр Иранда жұмыртқаның бағасы 10000 тұманнан 18000 тұманға өскенде не болғаны естеріңізде шығар.

Өткенде Чили халқы метро билетінің бағасы 800 песодан 830 песоға өскенде не істегенін естіген боларсыздар?

Ал бізде халық жиі тұтынатын ұн, нан, ет 30-100% аралығында қымбаттады соңғы бір жылда, қыңқ еткен жоқпыз. Тұрмысқа әсер етпеді дейін десең, аш жүрген халық (кеше ғана Таразда аштықтан қалтыраған екі бала ауруханаға түсті), ашуын бір-бірінен алып, мейірімсіз болып бара жатқан қазақ.

Әсер етті дейін десең, бір-екі қазақтан басқасы үнсіз...

Бұға берсең, сұға бермей ме!? Кім кінәлі? Феодал билік пе, жоқ құл халық па?

Жәнібек Көпжасардың facebook парақшасынан

Abai.kz

6 пікір