Жұма, 17 Мамыр 2024
3287 0 пікір 4 Қараша, 2019 сағат 10:31

Қорықшы Нұрғалиев өліміне қатысты іс бойынша сот қайта жалғасты

Қарағандыда ""Охотзоопром" инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің өлімі мен оның әріптесі Петр Ницыкке жасалған қастандыққа қатысты іс бойынша сот қайта жалғасты.

Прокуратураға қайтарылған іс сотқа қайта түскен. Істі судья Қайрат Қасымов қарап жатыр. 31 қазанда соттың алдын ала тыңдауы өтті.

Жәбірленушілер және мемлекеттік айыптаушы Қуаныш Жексенбаев сотты тезірек бастауын өтінді, өйткені қылмыс жасалған уақыттан бері он ай өткен. Ал сотталушылардың адвокаттары болса істі прокуратураға қайтаруды сұрап отыр. Бұл істе жеті сотталушы бар.

Адвокаттар "кісі өлтіру" бабын басқа бапқа өзгертуін сұрады. Қорғаушылардың пікірінше, күдіктілер қорықшыны өлтіргісі келмеген. Бұған қоса адвокаттар заңсыз аңшылықтан келген шығын көлемі тым көп деп есептейді. Сотталушылардың бірі бөкен аулауға шықтық десе, қалғандары қасқыр аулағанын айтқан.

Судья Қайрат Қасымов соттың 15 қарашада басталатынын жариялады.

Сотта белгілі болғандай, айыпталушылардың бірі бұрын бірнеше жыл бойы полицияда жұмыс істеген. Сотталушылардың барлығы - Қызылорда облысының тұрғындары. Олардың барлығына заңсыз аңшылықпен айналысты деген айып тағылған. 21 қаңтардан бері қамауда отырған үш сотталушыға инспектор Ерлан Нұрғалиевті өлтірді, оның әріптесі Петр Ницыкті өлтіруге талпынды деген айып тағылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2120
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2529
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2245
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1637