Сенбі, 11 Мамыр 2024
Қоғам 5756 0 пікір 15 Маусым, 2016 сағат 15:01

ҚУАНУҒА ӘЛІ ЕРТЕ, ТЕК МОРАТОРИЙ ЗАҢДАСТЫРЫЛДЫ

Бүгін таң ата сала мәжілісте жерді сату мен жалға беруді тоқтататын заң жобасы мақұлданды деп бөркімізді аспанға аттық. 

Біздегі ресми органдар таратқан ақпараттардың түсінікті болмауы себебінен бұл жайтты бүкіл жұрт "жерді сату мен жалға беру тоқтатылатын болды" деп түсінді.

Бүгінгі қабылданған Заңға ҚР Жер кодексінің кейбір нормаларының жұмысын тоқтату туралы және ҚР 2015 жылдың 2 қарашасынан "ҚР Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын жасауға Президенттің 2016 жылдың 6 мамырындағы "Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы" Жарлық себеп болған.

Яғни, мораторий заңдастырылды. Заңдастырылған мароторий туралы Жер комиссиясының мүшесі Айдос Сарым былай дейді:

Айдос Сарым, саясаттанушы:

- Елбасы Жер Заңнамасындағы төрт бапқа мораторий жариялағаны белгілі. Бұл сол мораторийді заңдастыратын заң жобасы деп түсіну керек. Естеріңізде болса, сол кездің өзінде президент осы мораторийді заңдастыру туралы Үкіметке тапсырма берген болатын. Сол тапсырма кешігіп, енді ғана орындалып жатыр.

Президент лауазымы атқарушы билік болып саналады. Оның жарлығы міндетті түрде Парламент бекіткен заңмен бекітілуі тиіс.

Қазір Жер комиссиясы жан-жақты жұмыс жасап жатыр. Біз қысқа дейін арнайы заң жобасын дайындап, Парламентке өткіземіз. Сол Заң қабылданса, бүгінгі қабылданған Заң өздігінен ысырылып қалатын болады.

Abai.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1922
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2053
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1711
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1522