Жұма, 26 Сәуір 2024
Сұхбат 2891 0 пікір 30 Қыркүйек, 2019 сағат 12:08

"Толықтай бір ауданды қамтамасыз ететін деңгейге жеткіміз келеді"

 

 

 

Ерлан Мамбетов, «Ақбөкен» жылыжай кешені жетекшісі: 
Әр кезеңнің өз қозғаушы күші бар десек, бүгінгі жаңа заманның кілтін қолына ұстаған жастар білімді, білікті әрі қабілетті. «Жас келсе іске» демекші, кәсіптің көзін тауып, ісін өрге сүйреген жастардың саны жыл санап артып келеді. Жастар жылы қарсаңында ұйымдастырылған «Еңбекқор жастар» жобасы бойынша Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданында тұратын Мамбетов Ерланмен сұхбаттасып, ашқан кәсібінің мән-жайына қанық болдық.
̶Сіз ашқан «Ақбөкен» жылыжай кешені қай кезеңнен бастап жұмыс істеп келеді? Шағын кәсібіңіздің бүгінгі қарқыны қандай?
̶ Биыл жастар жылы қарсаңында «Zhas project» жобасына жылыжай ашу туралы идея ұсынып жеңімпаз атандық. Қазір жобада өзімнің жолдасым, досым және оның әйелі жұмыс істейді. Жалпы 4 адам жылыжай жұмыстарын жүргізіп отырмыз. Жобадан ұтқан 1 млн теңгеге Жәнібек ауданындағы Байтұрсынов көшесіндегі 1-ші үйге жылыжай аштық. Ауылдағы әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы 8 отбасына жылыжай өнімдерін, жеміс-жидектерді тегін үлестіреміз. Бұл игі бастама ай сайын дәстүрге айналды. Аталған отбасылардың үйіне барып, бала-шағасын қуантып отырамыз. Әр ай сайын аудандағы екі отбасын қамтамасыз етіп отырамыз.
̶Жылыжайларыңызда қандай көкөністер өседі?
̶ - Қазіргі уақытта жылыжайымызда сәбіз, қызанақ, қияр, көк пияз, укроп сияқты көкөністер өседі. Әр адамның машықтанған, сүйіп істейтін ісі болады десек, менің қолымнан келетіні осы көкөніс өсіру оны күтіп баптау. Жылыжай ашу идеясы да көптен бері ойымда жүрген еді. Біздің аудан Орал қаласынан 5 шақырым жерде орналасқан. Аудан тұрғындары қажетті көкөністерін қаладан барып алуға мәжбүр. Халықтың ары-бері жүрісі де қалтасына түсер салмақ екені жасырын емес. Осыны ескеріп, қаладағы бағадан арзанға түсетіндей, өнімдерімізді саудағы шығауды жоспарлап отырмыз.

-Жылыжайдағы өнімдеріңізді саудағы шығару үшін кәсіп аясын кеңейтуді жоспарлап отырсыздар ма?
̶Жоба аяқталғаннан кейін де бастамамызды ары қарай жалғастырсақ деген ниетіміз бар. Қазірдің өзінде көкөніс өсуірдің қыры мен сырын меңгеріп, таң азанымен барып, кеш батқанда қайтып, күтіп-баптау жұмыстарына мейілінше назар аударудамыз. Жалпы айтқанда жұмысы шаш етектен. Суын уақытылы мөлшерімен құюдан бастап, ауа жіберіп тұруға дейін бабы көп жұмыстар бар. Қазір күздің қара суығы сезіле бастағалы бері жылыжайды жылыту мәселесіне мән беріп отырмыз.
Алғаш рет жылыжайды оңтүстіктегі Сарағаш ауданында көрген болатынмын. Сол кезде қажетті ақпараттарға қанық болып, өзімді қызықтарған мәселелер жайында сұрастырғанмын. Міне, енді соның пайдасы іске жарап жатыр.
Сонда дәл қазіргі уақытта сіздер алатын өнім сатуға жіберілмейді. Тек әлеуметтік аз қамтылған отбасыларын қамтамасыз етуге арналып отыр ма?
- «Zhas project» жобасы арқылы бірінші 500 мың теңге қаражат берілді. Бұл сумманың ішінде 6 ай бойы жұмыс істеп отырған 4 адамға шәкіртақы қарастырылған. Мысалы, жоғары оқу орнын бітірген жағдайда 60 мың теңге, орта білімі бар болатын болса 40 мың теңге көлемінде беріледі. Біздің топтағылардың ақшасын қосқанда жалпы 160 мың теңге көлемінде алып отырмыз. Алдағы уақытта бұл бастамызды кеңейтіп, өнімдерімізді сатуға шығару үшін жеке кәсіп ашсақ деген мақсатымыз бар. Бұл үшін мөлшері 3-4 млн теңге көлемінде ақша қажет болады. Сол үшін нар тәуекел жасап, несие алсақ деген ойымыз бар. Тек нәсие алу үшін кепілдік мәселесі біз үшін қиындау болып отыр. Бүгінгі жағдайда толықтай бір ауданды қамтамасыз ете алмаймыз. Сол үшін сұранысқа сәйкес жоспар құрып отырған жайымыз бар. Бәрімізге аян, қыз мезгілінде қияр мен қызанақтың бағасы тіптен аспандап кетеді. Оны қаладан алып келу үшін жол-пұл ақшаңыз тағы бар. Сондықтан халыққа да тиімді өзіміз үшін де пайдалы болмақ. Дәл қазір сатылымға шығарып отырған жоқпыз. Жоғарыда атап өткендей көмекке мұқжат отбасыларға беріп отырмыз.
- Жастар жылы сіз үшін несімен ерекше болмақ?
̶- Қолынан іс келетін, бірақ мүмкіндігі жоқ жастар өте көп. Жастар жылы осындай азаматтардың идеяларына негіз болып, өз кәсібін бастауына мұрындық болса екен дейміз.

Сұхбаттасқан Нұра Матай

0 пікір