Жұма, 26 Сәуір 2024
7220 0 пікір 29 Тамыз, 2019 сағат 17:46

Сыр өңірінде суды тиімді пайдалану мақсатында ауқымды шаралар атқарылмақ

Қызылорда облысында су қоймаларын салу және суармалы суды тиімді пайдалану бойынша ауқымды жобалар жүзеге асырылады, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

Мәселен, ирригациялық және дренаждық желілерді жетілдіру арқылы суармалы суды 30 процентке дейін үнемдеу көзделген. Аталған салаға жауапты мамандар жерасты су көздерін пайдалану, тамшылатып, жаңбырлатып суару әдістерін қолдану есебінен суармалы жерлерді 95 мың гектарға көбейтіп, 300 мыңға жеткізуді жоспарлап отыр. Соның арқасында асыраушы саланың өндіріс көлемі 75 млрд теңгеге ұлғайып, 4 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ.

– Орташа есеппен 240 мың гектардан астам суармалы жер бар деп есептеледі облыста. Біз орташа пайдаланып жүрген 185 мың гектардың шамасында болса еңбек өнімділігін ұлғайтуға байланысты, біздегі облыста өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін ұлғайту, оны экспортқа ұлғайту бағытында бізге ең бірінші суармалы жерлерді ұлғайту қажет, - дейді Қызылорда облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сейілбек Нұрымбетов.

Бұдан бөлек, өңірде суарылмайтын шөл-егінді жерлерде майлы және азықтық дақылдар егісін кеңейту жоспарлануда. Ол үшін ғалымдардың инновациялық жобалары пайдаланылады.

Айта кетейік, биыл Сыр өңірінде 183 мың гектар алқапқа егін егілді. Оның 88 мың гектары – күріш.

Abai.kz

0 пікір