Жұма, 26 Сәуір 2024
Деп жатыр 6435 12 пікір 2 Тамыз, 2019 сағат 15:04

Видеодағы қонақ үйдің қожайыны - депутат болып шықты

Алакөлге ағып құйып жатқан лас су Алматылық депутаттың иелігіндегі қонақ үй бассейінінен таралған екен.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде таралған видеодағы лас судың Qoqtem Grand Resorts қонақ үйінің бассейнінен ағып жатқанын айтады. Ал, аталған қонақ үй кешенінің қожайыны – депутат Мұрат Әділханов екен. "News.mail.ru" сайты солай деп жазады.

Ашық көздерден алынған ақпаратқа сәйкес, Мұрат Әділханов - Алматы қалалық мәслихатының қазіргі депутаты, сонымен бірге «Нұр Отан» депутаттық фракциясының жетекшісі, «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің мүшесі.

Бұл жағдайға қатысты эколог Айгүл Жұмаділованың айтуынша, су ағатын кәріс желісі судың сапасына әсер етуі мүмкін. Атап айтқанда, тоғандағы судың физика-химиялық өзгерістері патогендік бактериялар мен басқа да ластаушы заттардың пайда болуына ықпал етеді және демалушылардың денсаулығына кері әсерін тигізеді.

Ал, ҚР  бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Алакөлге ағызылған бассейн суының демалушылар үшін ешқандай қауіп төндірмейтінін айтыпты.

- Мен әрдайым тек тексерілген ақпаратты қолданамын және бүгінгі күні бұл қонақ үйде сауықтыру кешені, екі үлкен бассейн бар. Біз суды үнемі Алакөлден сорып аламыз. Оның суы емдік, пайдалы болғандықтан ол су үнемі өздігінен жаңарып отырады. Екі бассейнге арналған екі құбыр және екі “насос” бар видео бар. Ол насос суды үнемі жаңартып, ағызып, отырады. Бұл кәріз суы емес. Тұтастай алғанда, бұл суды кәрізге құюға болмайды, өйткені канализация көтеріледі. Жаңарту үшін су қайтадан Алакөл көліне құйылады, дейді Ж.Бекшин.

Оның айтуынша, қонақ үй бассейніндегі суды тазарту үшін ол Алакөл көліне құйылып, қайтадан қалпына келтірілген.

-Алакөлден айдалатын және қайтадан ағызылатын және қысыммен құйылған кезде судың бұлдырлығы жоғарылайды.Қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық департаменттері әр объектіге арналған депутаттар жобасын шығарады. Әр су қоймасы ағынды су болмағандықтан өзін-өзі тазартады. Менің ойымша, бұл жерде ешқандай қиын жағдай жоқ, депті Жандарбек Бекшин.

Естеріңізге сала кетейік, интернетте Алакөлге лас судың құйылғаны туралы видеолар таралған  болатын.

Ал, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзагалиев оқиға болған жерге комиссия жіберілгенін мәлімдеді.

Abai.kz

12 пікір