Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
46 - сөз 4275 9 пікір 24 Шілде, 2019 сағат 11:13

Тым көңілшек емеспіз бе?

Тоқсаныншы жылдардың соңында бір топ журналист Қытайда болдық. Біз ғана емес, өзбектер, қырғыздар, түркімендер...Барлығы да тілші қауымынан. Бірде туризм жақсы дамыған Қобда тауына апарды. Автобустың ішінде келе жатып сонау төменде әп-әдемі болып тізіліп тұрған ақшаңқан қазақ үйлерге көзіміз түскені. Қазақтар шулап қоя бердік.
-Бұрылыңыз! Біз қазақ ауылын көреміз. Қандастардың тұрмысымен

танысамыз, таспаға түсіреміз,- дестік. Жолсерік қытай жымиып қана келісімін берді. Келдік. Көрдік. Үш қазақ үйге жайнатып дастархан жасап тастапты. Қазы, қарта, құрт, ірімшік, қызара бөртіп піскен бауырсақ...Үй иелері кір демеді, ауыз тимедік. Ақша төлеу керек екенін көздерінен ұқтық. Ұқтық деймін-ау, ренжіп қалдық. "Хабарлық" оператор-әріптесім Мұхит Құдықбаев камерасын сұхбатқа ыңғайлай берген. Қандасымыз одан бас тартты. Амал жоқ есік алдында жүрген кішкентай баладан сұхбат алдым. Біткен соң ол да ақша сұрады. Бердім. Соның арасынша "Жас Алаштан" келген Гүлзат сұлу қарап тұрмай кермедегі аттың біріне секіріп мініп, шауып кеткен ғой. Келген соң ол да ақысын төледі...

Осы оқиға жылдар бойы ойымнан шықпай жүр. Сол кезде де бұл төңіректе пікіріміз екіге жарылған. Біріміз дұрыс, біріміз бұрыс деп...Нарық деген бәлені жақсы білмейтін кез ғой. Біз қонақжай қазақ тұрғысынан қарағымыз келген.

...Кеше жол жиегінде қымыз сатып отырған қазақтан атына мініп көруді өтінгенмін. Ақшасын төлейін дедім.
-Қойыңыз, аға!-деді, -О заманда, бұл заман қазақ атына мінгізгені үшін ақша алушы ма еді? Жуас жылқы, шаба беріңіз!
Тағы да ойланып қалдым. Тым қонақжай, көңілшек емеспіз бе?

Арман Сқабылұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1702
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1662
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1392
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1321