Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
Билік 9742 0 пікір 4 Маусым, 2019 сағат 10:58

Мемлекет басшысы «Болашақ» мұнай және газ өңдеу зауытына барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» мұнай және газ өңдеу зауытына барды. Мемлекет басшысы «Болашақ» зауытының өндірістік нысандарын тікұшақпен аралап көрді.

Қазақстан Президентіне мұнай-газ саласының ахуалы мен оны дамыту перспективалары жөнінде баяндалды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысына мұнай өңдеудің және тұрақтандырудың, сұйылтылған газды мұнайдан ажыратудың және тазалаудың, табиғи күкіртті өндірудің және оны сақтау мен тасымалдаудың технологиялық үдерістері таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс орнының Атырау қаласынан алыс емесін атап өтіп, қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөлуге шақырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарының еңбек құқығын сақтаудың маңыздылығына тоқталды.

Қазақстан Президенті кәсіпорын ұжымын тәулігіне 370 мың баррель мұнай өңдеп, рекорд жаңартуымен құттықтады және мұнайшыларға табыс, бақ-береке тіледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1704
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1666
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1396
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1324