Сәрсенбі, 13 Қараша 2019
Аласапыран 2582 4 пікір 30 Қаңтар, 2019 сағат 09:13

Көпбаев бізге қандай интернационализмді тарту етпек?

Соңғы кездері Ресейдің неоимпериялық идеологтары қолтығына су бүріккен орыс тілді қандастарымыз – ұлтшыл азаматтарымыздың "сталиндік таптық фашизм мен гитлерлік ұлттық фашизм майданында аталарымыз колониялық әскер ретінде соғысты", "кеңес иделогтары өмірге әкелген жалған әскери-саяси мифтер санамызға орнықтырылды, енді одан арылайық" деген уәжді милети концепциясына қарсы болып келеді. Яғни, қазір алаш баласының жеке ұлттық болашағы үшін  қауіпті ақпараттық соғысты басталды.

Көзі ашық, ұлттың соңғы 550 жылдық саяси тарихындағы орыс шовинизміне кеткен есесін жоқтаушы абзал азаматтарға "фашистер" деген қара күйені жағып жатыр. Өздеріне бүйрегі бұратын БАҚ мінберінен "Қазақ елінде "фашизм" бас көтерді!" деп өтірік ойбайға басуда. Ал, өздерін "интернационалистеріміз" деп атап, басты идеологтары Бахытжан Копбаевтың төңірегіне ұйысып, енді партия құрамыз деп шырт жүгініп отыр.

Сонымен, "интернационалист деген кімдер, әм интернационализм дегеніміз не?" деген сауалға жауап іздеп көрейік. Ол саясаттануда шынайы және жалған  интернационалист (интернационализм) деп екіге бөлінеді. Жалған интернационализм деп – отарлаушы ұлттың әзәзілдікпен отарланған ұлттың белгілі бір интелектуалды зиялы тобымен дінсізденген, әм ұлтсызданған сипаттағы не радикалдық, не либералды мүдделер тоғысу аясында, не ел ішінде, не одан тысқары саяси альянс түзуін айтады.

Шынайы интернационализм – бес түрлі мәдени-тарихи жіктелістен тұрады: діндік, ділдік, тілдік, тектік және империялық (тарихи: османдық пен арабтық; заманалық: англо-сакстық, ресейлік, франктық, испандық, қытайлық және германдық). Діндік қазақ үшін мұсылман мен кәпір. Ділдік өз бен өзге, яғни, Батыс пен Шығыс. Тілдік – түркілер, славяндар, романдықтар т.т. Тектік: азият, зәңгі, еуропалық.

Осы ұстанымдағыларды ешкім де интернационалист деп атамайды. Өйткені, аяр жалғандықпен бодан елдердің халқының санасына сіңірілген империялық қағидатқа шетін келеді. Исламдағы діни қарындастықтың түп тамырына бармай, ондағы мұсылмандыққа еш қатысы жоқ басбұзарлардың қылығына орай көпшілік жағдайда – радикал атандыра салады. Сонымен ТМД мұсылмандары радикалдыққа бейім дінді ұстанушы ұлттар деген ұғым орыс тілді қауымның санасына сіңіп, жекебастық дүниетанымына нық орнықты.

Империялық интернационализм – бұрынғы отарлардың (өзара саясаттан ада) мәдени-экономикалық аралас құраластығынан пайда болады. Мәселен – ТМД.

Енді пәренжелі тұмшасымен жұрттың санасын шатыстырып, жадысын жаңылтқан «жалған  интернационализмге» тоқталайық. Ол либералды шовинистер өмірге әкелген интернационализм құндылықтарын қадір тұтушы жергілікті халықтың белгілі бір тобының өлсе де бас тартпайтын позициясы. Орталықтың бұрынғы бодан елде зорлықпен мұраға қалдырған мәдени, тілдік ортасының біржола жойылып кетпей, керісінше барынша кеңеюі үшін барын салуға бейім «жалған  интернационалистер» қолдарындағы барша мүмкіндікті пайдаланып қалуға тырысады. Енді орыс тілділер ұлтысызданған сипаттағы партия құрамыз деп жанталасып отыр. Биліктегілер біздің бұл ойымызды құптайды деп өзгелерді имандай ұйытуда.

Бұған берілер бір ғана жауап бар. Ата заңымыз ұлттық сипаттағы партия құруға тыйым салды. Қолданыс аясындағы Заңнамаларды пайдалана отырып, барша еліміздегі тұратындардың әлеуметтік-экономикалық мүддесін қорғайтын қазақ тілді тәуелсіз кәсіподақ құру керек.

Жалған интернационалистер қазақты жарға жықпасын, ағайын!

Әбіл-Серік Әлиакпар

Abai.kz

4 пікір