Жексенбі, 8 Желтоқсан 2019
Жаңалықтар 2994 0 пікір 30 Қараша, 2013 сағат 15:42

Өміржан Әбдіхалықұлы. Адасқан құлдың оралуы

Сурет: Рембрандт Харменсзун ван Рийннің "Адасқан ұлдың оралуы" картинасы

Украина халқы Еуропа одағына қосылуды жақтап, шерулетіп жатыр. Бұл - украин халқының таңдауы. Бірақ, халық сайлаған Украина президенті В.Янукович Еуроодақпен еркін сауда келісіміне қол қоймады. Ресейдің қысымына қарсы тұра алмаған Украина билігі осылайша тағы да қожайының дегеніне көнді.
Төмендегі мақала бұдан екі жыл бұрын жазылған еді. Бүгінгі Украинадағы қоғамдық-саяси жағдайға орай тағы бір мәрте оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Abai.kz

Украина Виктор Ющенконың тұсында отарсыздану саясатын екпіндете жүргізіп, соның арқасында Украин жері совет өкіметінен қалған ескерткіштер мен көше атауларынан арылып, Украин тілі толық мәртбеге ие болған еді. Тіпті, советтік көзқарас пен идеология тұрғысынан жазылған тарихты қайта жазу ісіне ден қойған. Соның бір айғағы орта мектептерге арналған тарих оқулығына «Украина. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында» деген атауды енгізіп, «Ұлы Отан соғысы» түсінігін алып тастаған болатын.

Алайда, Украинаның қазіргі билігі совет өкіметінің заңды мұрагері Ресейдің - бұрынғы қожайынының құшағына қайта құлаған сыңайлы. Жоғарыдағы тарих оқулығын бүгінгі Украина билігі қайта қарап, «Ұлы Отан соғысы» тіркесін қайта қосқан. Және отарсыздану кезіндегі оқулықтарда совет кезінде Украинада күштеп орыстандыру саясаты жүргізілгенін жас буынға тәптіштеп түсіндірген арнайы бөлім болған ал, биылғы жаңа оқулықтан бұл тақырыптың жұрнағы да жоқ.

Осылайша, Виктор Януковичтің Ресейге ынтық екені іс жүзінде дәлелденіп және билік өзімен бірге украиннің тәуелсіз ұрпағын да Ресейдің қойынындағы байырғы бодан мекеніне бастап барады.

Ресей де адасқан құлының оралғанына ырза сықылды. Өйткені, Украина президенті Виктор Янукович елдегі орыс тілін жанын сала қорғайтынын бірнеше рет уәде еткені бар. Ал, Ресейдің білім министрлігі Украинанның білім министріне осы елдегі орыс тілінің өркен жаюы үшін істеген еңбегіне мақтау айтқан.

Білім министрлігі демекші, Түймебаевтың тұсында ортақ тарихи оқулық жазу, көршілерден оқулық жазуға авторлар тарту мәселесі көтерілгені бар. Абырой болғанда, Түймебаев кетіп, Жұмағұлов келіп тынды.

Ал, «Ұлы Отан соғысы» делінетін дүниеге келсек, мұны екінші дүниежүзілік соғыс деп қарайтын түсінік Қазақстанның түсіне де кірмейді.

Abai.kz

0 пікір