Дүйсенбі, 18 Қараша 2019
Күбіртке 2465 12 пікір 27 Тамыз, 2018 сағат 10:12

Кім иманды?

Тәжіктер "қажылыққа" деп тірнектеп жиған ақшаларын елі мен мемлекетінің мұқтажына жұмсай бастапты.

Мысалы, зейнеткер Тұрсынбибі Одибоева қажылыққа деп жинаған 4 мың долларын көршілес ауылмен байланыстыратын көпір салуға жұмсаса, Соғды облысында 6 тұрғын ақшаларын жол жөндеуге, көпір құрылысына жіберген. Сондай-ақ Меткі ауданында да 2 азамат кенеттен қажылыққа барудан бас тартып, 10 мың долларды Меткі мен Хушекат аралығын байланыстыратын көпір тұрғызды. Мирзо Шарипов атты кісі 3 мың долларды жергілікті молаларды қалпына келтірсе, Сафи Хасанова 159 мың долларды жағдайы өте нашар деген халыққа үлестіріпті. Ал кейбірі мүгедектерге арнап арнайы көп қабатты үй тұрғызған. Арқар.кз солай жазды.

...Өткенде Айгүл ханым "Қазақтардың "қажылыққа" деп жыл сайын қаншама долларды Сауд Арабы мемлекеті экономикасы мен шейхтар қоржынына құйып жатқанын есептеп беріп еді...

Сонда мен қазақтың "той - тоқтықта" дейтін сөзін еске алғам да қойғам...

Алайда, бүгін тәжіктердің тірлігіне риза болып, басқа ойға келіп отырмын:
- Тәжіктердің қажылықтан - мейлі, мүмкін, уақытша болса да - бас тарта бастаулары - олардың санасында Елдік сананың, Тәуелсіздік құнының, Мемлекеттік ортақ үйдің іргетасын нығайтудың қажеттігі туралы ұстаным ОЯНЫП, олар жеке бас қажеғттігі - қажылықты кейінге ысырыпты...
Сонымен, осы жерде:
"Қажылықтан ЕЛІ мен МЕМЛЕКЕТІНІҢ МҮДДЕСІНЕ бола бас тартқан мына тәжіктердің ИМАНЫ кеміді ме?" -
- деген сұрақ қоялық...

Онымен бірге:
- "Жаппай, таласа-тармаса қажылыққа ұмтылған қазақтардың имандылығы артып кетті ме?" - деген сұрақты да ұмытпайық...

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

12 пікір