Жұма, 26 Сәуір 2024
3259 0 пікір 20 Ақпан, 2018 сағат 09:26

Өзбекстанда шейх Мухаммад Садык Мухаммад Юсуф жөнінде фильм көрсетілді

18 ақпанда «Узбекистан 24» телеарнасынан шейх Мухаммад Садык Мухаммад Юсуфтың өмірі мен еңбек жолына қатысты фильм көрсетілді. Фильмнің идеясы Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысы Камил Алламжановтікі деп хабарланды.

Таяуда ғана Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев шейхтың есімін мәңгі қалдыру үшін, Ташкентте жаңадан бой көтеріліп жатқан мешітке шейхтың атын беруді ұсынған.

Мухаммад Садык Мухаммад Юсуф 1952 жылы Әндіжан облысында дүниеге келген. Ол тек ғана Өзбекстанға емес, ислам әлеміне танымал болған ғалым. 1989 жылы шейх Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы болып сайланды. Ол осы қызметте жүріп, ислам елдерімен мәдени-ағартушылық байланысты дамытты.

Шейх Мухаммад Садык әлемнің ойшылдары мен ислам үлемдері кеңесінің орындаушы бюросының, Бүкіләлемдік мұсылмандар одағы үлемінің, Иордания королдік академиясының мүшесі болған. Египеттің "Ніл лавры" алтын медалімен марапатталған. Көрнекті ғалым діни-ағартушылық тақырыбында 100-ден астам кітап жазды.

Ислам Каримов билігімен қарым-қатынасы нашар болғандықтан ол Ливияда бінеше жыл эмиграцияда тұрған. Тек 1999 жылы Ташкентте болған жарылыстан кейін Ислам Каримов мүфтидің беделін пайдаланып, оны елге шақырды.

Шейх Мухаммад Садык Мухаммад Юсуф 2015 жылдың 10 наурызында Ташкентте қайтыс болды. Оны жерлеу рәсіміне 200 мыңнан астам адам жиналған.

Abai.kz

0 пікір